Атырау, 26 сәуір 08:42
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

ФТБ бостондық лаңкестік бойынша күдіктілердің суретін жариялады

1 748 просмотра

Фото: lenta.ruФото: lenta.ru

Федералдық тергеу бюросы Бостон марафонында болған терактіге қатысы болуы мүмкін екі күдікті жігіт бейнеленген фото мен видеожазбаны жариялады. Бұл туралы lenta.ru Agence France-Presse-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Арнайы ұйымдастырылған баспасөз мәжілісінде ФТБ өкілдері әзірше күдіктілерді таппағандарын айтып, оларды іздестіріп, аты-жөнін анықтауда жергілікті тұрғындардан көмек сұрады.

«100 жылдан астам уақыт бойы ФТБ өкілдері халық көмегіне жүгініп, сеніп келген. Кімде-кім қай жерде болмаса да оларды көріп қалуы мүмкін», - деп мәлі етті ведомство өкілі.

Сондай-ақ ФТБ жергілікті тұрғындарды аса сақ болуға шақырды, себебі аталған күдікті азаматтар қаруланған және қауіпті болуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, 15 сәуірде жарты миллионға жуық халық тамашалауға келген Бостонда өткен жылсайынғы марафон мәресінде екі бірдей жарылыс болды. Салдарынан үш адам көз жұмып, 180-нен астам адам жарақат алды.

 

Дереккөз: bnews.kz

19 сәуір 2013, 09:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.