Атырау, 23 қараша 16:19
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Еуроодақ Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге 10 млн еуро бөлген

2 391 просмотра

Аурелия БУШЕЗ.Аурелия БУШЕЗ.Еуропалық одақ Қазақстан үкіметінің мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жұмысына 10 млн еуро қаржы бағыттаған. Бұл туралы «Мемлекеттік қызметті реформалау: ішкі түйін және БАҚ-тағы көрінісі» тақырыбындағы журналистерге арналған семинар барысында Қазақстандағы Еуроплық одақ өкілдігінің басшысы Аурелия Бушез хабарлады.

Еуропалық одақ қазақстандық үкіметтің мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру ұмтылысын қолдайтынды, бұл мақсатқа 10 млн еуро бөлінген», - деді А.Бушез.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі «А» корпусы кадр резервіне іріктеу процедуралары мен мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің ерекшеліктерін журналистермен және Еуропалық одақ өкілдерімен бірлесе отыра талқыға салды. «Мемлекеттік қызметті реформалау: ішкі түйін және БАҚ-тағы көрініс» тақырыбындағы семинар Еуропалық Одақтың «Қазақстан үкіметі мемлекеттік қызметін реформалау және модернизациялау» Жобасының қолдауымен өткізілген.

Семинар барысында Агенттік өкілдері журналистерді «А» кадрлық резервіне алда болатын конкурстық іріктеу барысымен таныстырды. Бүгінгі күні «А» корпусы кадрлық резервіне тұру үшін 126 адам құжат тапсырған. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтегі кәсіби және этикалық қадағалауды күйшейту және бағалау, тәлімгерлік тәрізді жеке басқарудың жаңа механизмдері талқыланды.

Дереккөз: bnews.kz

18 сәуір 2013, 17:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.