АСТАНА. 18 сәуір. Baq.kz - АҚШ-тағы қанды жарылысқа жауапты деген күдікпен бір адам ұсталды. Бұл туралы Американың бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазып жатыр, деп хабарлайды Астана телеарнасы.
Олардың мәліметтері бойынша ұсталған азаматты федералдық сот мекемесіне жеткізу жоспарланған. Полиция қандайда бір ақпарат жариялау үзілді-кесілді қарсы. Бірақ, мән-жайдың анық-қанығы анықталғаннан кейін ресми мәлімдеме жасайтынын жеткізген.
Жарылысқа қатысы бар деген күдіктіні ұстауға оқиға орнындағы жасырын камералардағы бейнетаспа көмектескен. Онда ер адамның қара сөмкені тастай салғаны анық көрінеді. Ал, полицияның пайымынша, дәл сол сөмкеде жарылғыш зат болған.
Естеріңізге салсақ, 15-ші сәуір күні Бостон қаласында жойқын екі жарылыс болып, 3 адам қаза тапты. 180 адам ауыр жарақат алған болатын. Сондай-ақ, бүгін, АҚШ сенаторына жолданған уланған заттың иесі табылды. Пол Кевин Кертис есімді азамат құқық қорғаушыларыдың қолына түсті.
Бүгін арнайы қызмет өкілдері дәл осылай рицинмен уланған екі хатты алушысына жетем дегенше анықтап үлгерді. Олар Президент Барак Обама мен сот өкіліне жолданған. Кертистің қандай мақсаты бары белгісіз. Әзірге бұл хаттар мен жарылыстың арасындағы байланыстың бар-жоғы анықталып жатыр.
Дереккөз: baq.kz