Фото: ИТАР-ТАССБейсенбі күні кешке Бағдадтағы кафеде жарылыс болып, 27 адам қаза тапты, олардың қатарында екі бала бар. Ондаған адам жарақат алды, деп хабарлады BBC.
Алдын ала мәліметтер бойынша, Ирак астанасының батыс бөлігіндегі жарылысты жаңкешті жүзеге асырған. Қазіргі таңда ешкім оқиға үшін жауапкершілікті мойнына алған жоқ. Құтқарушылар үйінділер астынан тірі қалғандарды құтқармақ болғанда, ғимараттың төбесі опырылып құлаған.
Бұғанға дейін дүйсенбіде Ирактың бірқатар қаласында болған жарылыстардан отыздан астам адам мерт болып, 200-ге жуық адам жарақат алған.
Ирактың жағдайы 2006-2007 жылдарға қарағанда жақсарғанымен, елде суннит экстремистік топтары әрекеттерін жалғастыруда. Әр ай сайын осы топтардың қылмыстарынан орташа алғанда 300 адам қаза болады. Елдегі қақтығыстарға сенбі күні Ирактың көп өңірлеріндегі заңнамалық биліктің аймақтық органдарында сайлаудың өтуі себеп болды. Мамандардың айтуынша, кезекті жарылысты «Аль-Каиданың» жергілікті бөлімі ұйымдастыруы мүмкін.
Дереккөз: bnews.kz