Атырау, 25 желтоқсан 15:44
 ашықВ Атырау -9
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Барлық жаңалық

Форбс және Нұрасылдың жинағы Басқа жаңалықтар

Форбс және Нұрасылдың жинағы

Екінші сынып оқушысы Нұрасыл АМАНДЫҚ (суретте сол жақта) өзінің жазғы каникулға деп жинап жүрген шағын жинағын ауыр науқас балаларға қолдау көрсетумен айналысатын «Атырау. Маленькая страна» қоғамдық бірлестігіне тапсырды. Нұрасылдың және басқа да Атырау тұрғындарының көмектері арқасында 31 мамыр күні «Тамаша» сауда ойын-сауық орталығында ерекше балаларға арналған керемет мерекелік шара өтті. 5 маусым 2014, 00:00 3 349 рет қаралды
Балшықпен емдейтін дәрігер Басқа жаңалықтар

Балшықпен емдейтін дәрігер

Оңай АРЫСТАНОВА (суретте) - көп жылдық тәжірибесі бар гинеколог, өзі түрлі гинекологиялық ауруларды Тұздыкөл жағасындағы балшықпен емдеу әдісін қолданып, жақсы нәтижелерге қол жеткізіп жүр. Ол былтыр кенттен балшықпен емдеуге арналған жеке кабинетін ашпақ оймен бөлек ғимарат тұрғызу үшін жергілікті әкімдіктен тілімдей жер бөлуді сұрап, арызданған болатын. Алайда, әзірге қолдауды да, қоштауды да көріп отырған жоқ.  5 маусым 2014, 00:00 5 218 рет қаралды
Үміт отын жаққан үй Басқа жаңалықтар

Үміт отын жаққан үй

Бұл үйге аяқ бассаң-ақ, кішкентай балалар тұратынын бірден түсінесің. Үйдің іші омыраудағы сәбилерден шығатын ерекше иіске бөленген. Дәлізге кептіру үшін жөргектерді іліп қойыпты. Асүйде жас аналар шай ішіп отыр, ал олардың сәбилері екінші қабатта тәтті ұйқыға кеткен. 5 маусым 2014, 00:00 4 281 рет қаралды
Қиын да қарапайым жапон тілі Басқа жаңалықтар

Қиын да қарапайым жапон тілі

Атыраудағы жапон тілі курсына бүгінде бес адам барып жүр. Оларды пікірлестер деп батыл атауға болады, өйткені, олар Күншығыс елінің тілін қажет болған соң емес, жапон тарихы мен тіліне деген қызығушылықтары басым болған соң үйренуде. 5 маусым 2014, 00:00 8 600 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

Қысқа қайырғанда

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанынан партиялық бақылау комиссиясы құрылды. Жақында облыстық білім беру  басқармасында мектептерде ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге ата-аналардан заңсыз ақша жинау мәселесін талқылаған отырыс өтті 5 маусым 2014, 00:00 1 381 рет қаралды
Владимир Белявский: «Ұлылар емес, сенімді адамдар керек» Спорт

Владимир Белявский: «Ұлылар емес, сенімді адамдар керек»

Футболдан ел чемпионатының 13-турында «Атырау» футбол командасы өз алаңында павлодарлық «Ертістен» ұтылып қалып, турнир кестесінің 8-орнына түсті. Екінші айналым барысында «Атырау» медальдарды сарапқа салатын үздік алтылыққа кіру мүмкіндігінен айырылып қала ма? Осы және басқа да сұрақтарға «Атырау» командасының бас бапкері Владимир БЕЛЯВСКИЙ (суретте) жауап берді. 5 маусым 2014, 00:00 2 019 рет қаралды
Спорт жаңалықтары Спорт

Спорт жаңалықтары

Атыраулық 3-БЖСМ командасы Ақтауда 1998-99 ж.т. жасөспірімдер арасында волейболдан өткен турнирде жеңіске жетті.  Атыраудың екі жас боксшысы Алматы облысы Есік ауылында өткен 1999-2000 және 2001-02 ж.т. жасөспірімдер арасында бокстан республикалық турнирде жүлдегер атанды.  5 маусым 2014, 00:00 2 593 рет қаралды
ҰБТ және жанжалдар Басқа жаңалықтар

ҰБТ және жанжалдар

Атырауда өткен ҰБТ-ның алғашқы күні жанжалмен басталды. Дүйсенбі күні, 2 маусымда Атырау қаласы мен Исатай ауданындағы мектеп түлектері үшін тестілеу Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ғимаратында өтті. Аудиторияға кірмес бұрын талапкерлерден екі мыңдай ұялы телефон алынды, 10 адам тест тапсырудан шеттетілді. 4 маусым 2014, 15:53 3 471 рет қаралды
Бүгін - Мемлекеттік рәміздер күні Қазақстанда

Бүгін - Мемлекеттік рәміздер күні

Бүгін Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні. 1992 жылғы маусымның 4-де тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді - бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады. Мемлекеттік рәміздер - мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран мемлекеттің негізгі рәміздері саналады. 4 маусым 2014, 11:29 8 266 рет қаралды
Қашағанда өндiрiлмей жатқан мұнайдың орнын толтыратын қосымша көздер іздестірілуде Қазақстанда

Қашағанда өндiрiлмей жатқан мұнайдың орнын толтыратын қосымша көздер іздестірілуде

Қашағандағы мұнай өндiрiсiнiң шығынын толтыру мақсатында Мұнай және газ министрлiгi өзге кен орындарында өндiрiс көлемiн арттырудың қосымша көздерiн қарастыруда. Бұл туралы бүгiн Мәжiлiстiң пленарлық отырысы барысында депутаттар сауалына жауап берген ҚР Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрi Ерболат Досаев мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi. 4 маусым 2014, 11:27 1 732 рет қаралды