Атырау, 27 қараша 06:57
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Форбс және Нұрасылдың жинағы

3 192 просмотра

Екінші сынып оқушысы Нұрасыл АМАНДЫҚ (суретте сол жақта) өзінің жазғы каникулға деп жинап жүрген шағын жинағын ауыр науқас балаларға қолдау көрсетумен айналысатын «Атырау. Маленькая страна» қоғамдық бірлестігіне тапсырды. Нұрасылдың және басқа да Атырау тұрғындарының көмектері арқасында 31 мамыр күні «Тамаша» сауда ойын-сауық орталығында ерекше балаларға арналған керемет мерекелік шара өтті.

Балалар церебральды сал ауруы, аутизм, психикалық дамудың тежелуі және Даун синдромымен ауыратын балаларды жануарлардың көмегімен емдейтін Канистерапия орталығы туралы газет мақаласын Нұрасылға әжесі көрсетіпті. Қарт ана бұл балаларға көмек керектігін және олармен «Тамаша» сауда ойын-сауық орталығында танысуға болатынын айтыпты. Балалардың кейбірі Нұрасылмен құрдас, кішілері де бар, алайда олар қарапайым балалардай ойнай да, жүгіре де алмайды. Мұны білген бала өз көмек қолын ұсынуды шешіп, әжесіне орталыққа ертіп апарып, жинаған тиындарын тапсырайық деген өтініш білдірді.

Орталықтың кішкене емделушілерінің ата-аналары оның бұл ісіне ризашылық білдіріп, демеушілік жасаған кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларымен бірге алғыс хат берді.

Үш жасар Амангүл ҚУАНҒАЛИЕВА анасы Жаннұрмен бірге канистерапия сеанстарына басталғаннан бері қатысып жүр. Ол балалар церебральды сал ауруы, спастикалық тетрапарез, тума жүрек кеселі, құрысқақ синдромымен ауырады. Олар емделуге Алматыға барған, алайда ол жақта бірден бас тартқан, дегенмен, бұл кеселдің барлығы акушерлердің қателіктерінен болған деген себебін айтты. Баланы балабақшаға алмайды, Жаннұр да қызын қараусыз қалдырғысы келмейді. Екеуі мүгедектер жәрдемақысымен күн көріп келеді.

- Кейде аш құрсақ жүреміз, - дейді Жаннұр қалыпты жағдай сияқты жәй ғана.

Канистерапия сеанстары олар үшін мереке тәріздес, иттер - олардың ең жақын достары.

- Осы таңғажайып төбеттердің арқасында қызым жымиятын болды, иттер оның бетін жалайды, ол бұған жауап ретінде «гуілдейді». Бұрын мүлдем дыбыс шығара алмайтын, - дейді Жаннұр.

Бұл жағдайды басқа ата-аналар да растап отыр. Түсініксіз жайт болғанымен, иттермен қарым-қатынас балаларға осы жағынан да көмектесуде.

Ұзақ уақыттан кейін балалар өздерінің сүйікті «докторлары» Форбспен кездесті және жаңа екі төбет – Ваня және Фреймен танысты. Алайда, бұл - бірреттік шара. Баспанасыз қалған Канистерапия орталығы жұмысын қашан жалғастыратыны әлі белгісіз («АЖ», №21, 22.05.2014 күнгі «Күн төбеттерге үй керек»). Астаналық бизнесмен Қайсар РАХЫМБАЕВ «Ақ Орда» БО-нан орынжай ұсынған, алайда ол балаларды қабылдауға дайын емес, жөндеу керек.

Әзірге ата-аналар өздері ақша жинап, Атырауға зияткерлік және физикалық дамуы тежелген балаларға арналған нейро-оңалту бағдарламасын жасаған Божен БЕЙНАР-СЛАВОВТЫ шақыруды шешіпті.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор    

5 маусым 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.