Атырау, 27 қараша 06:37
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Елімізде қызылша белең алып барады

3 308 просмотра

Облыстық аурухана базасында қызылша, жіті ішек инфекцияларының, паразитарлық аурулардың алдын алуға бағытталған семинар өтті. 

Атырау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті бас маманы Айнагүл СӘРСЕНҒАЛИЕВАтөмендегідей мәліметтерді келтірді:

- Жыл басынан бері Атырауда қызылша жұқтырған 5 жағдай ресми тіркелді. Олардың біреуі - 1 жасқа дейінгі бала, екеуі – 4 жасқа дейінгі бала және 30 жастан асқан ересек адамдардың арасында 2 жағдай орын алды.

Оның айтуынша, ошақ тіркел-ген бойда тұтынушылардың құқықтарын қорғау департамен-тіне шұғыл хабар беріліп, науқас 4-10 тәулікке оқшауланады. Науқаспен қарым-қатынаста болған барлық адамдар, отбасы мүшелері 72 сағат ішінде вакцинацияланады.

- Жеңіл және орташа түрлерін үйде емдеуге босатамыз, ал ауыр түрлерін міндетті түрді ауруханаға жатқызамыз. Оларға вирусқа қарсы симптоматикалық ем жүргізіледі, яғни, науқас тынығып, жиірек сұйықтық ішіп, қызу түсіретін препараттар мен дәрумендер қабылдайды, -дейді облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы меңгерушісінің орынбасары Нұрфия ҚИЗАТОВА.

Оның айтуынша, қызылша вирусының белгілері бастапқы кезде тыныс жолдары ауруларына ұқсас болып келеді. Науқас бірнеше күн жөтеліп, қызуы көтеріліп, ауыз қуысы бөртіп кетеді, адам тез шаршап, тамаққа тәбеті болмайды. Ал, қызылшаға тән бөртпелер науқастың денесіне бірнеше күннен кейін шыға бастайды. Қызылша вирусы бөртпе шыққаннан соң 1-4 күнге дейін жұқпалы, ал, 5-күннен бастап айналасына қауіпсіз болып саналады.

Сонымен қатар, жіті ішек инфекцияларыне келсек, Атырау облысында аурушаңдық жағдайы Жылыой ауданы мен Атырау қаласында жиірек кездесіп отыр. Ал, жіті ішек инфекцияларына жататын сальмонеллез тамақ арқылы, су арқылы, тұрмыстық жолмен жұғады. Былтыр27 науқас осы аурудан емделген.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

5 маусым 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.