Атырау, 27 қараша 06:39
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

ҰБТ және жанжалдар-2 (толықтырылды)

4 601 просмотра

4 маусымда АМУ-де Ұлттық бірыңғай тестілеудің екінші күні басталды. Бұл күні тестілеуге 704 оқушы қатысты.

...Сағат 9.30-да университет алдында түлектердің үлкен кезегі қалыптасты – кіре берісте тексеру жүріп жатыр. Оқушылар бір-бірден темір іздегіш жақтауы арқылы өтіп, жанында тұрған үстелге табылған ұялы телефондарын салуда. Менің көзімше бір дорба толы телефон тәркіленді. Біреулер шырылдаған дауыс басылғанша, жақтаудан бірнеше рет өтіп жатыр.

- Балалардың барлығынан да бірнеше ұялы телефоннан алынды. Ешкім балалардың денесіне қол тигізіп жатқан жоқ, жақтау арқылы өтеді, табылған затты өздері алып береді, - дейді АМУ ректоры, онымен қоса, ҰБТ қабылдау комиссиясының төрағасы Бейбіт МАМЫРАЕВ. – Телефонсыз келгендер де бар, бірақ саусақпен санарлық, барлығы осылай болса, мұндай кептеліс болмас еді. Бұл жерде тексеріп тұрған адамдарды жазғыруға болмайды.

Бейбіт МАМЫРАЕВБейбіт МАМЫРАЕВМені аудиторияларды көрсету үшін университет ішіне кіргізді. Естеріңізге салсақ, тестілеу 12 аудиторияда өтеді, комиссия құрамында 16 адам бар, барлығы да – білім министрлігінің өкілдері.

- Мен тестілеу аяқталғаннан кейін ата-аналарды балалары қандай жағдайда ҰБТ тапсырғандарын көру үшін ішке шақырдым, - дейді Б. Мамыраев. – Кеше балаларды дәретханаға жібермеген деген ақпарат пайда болды, бұл - өтірік сөз.

Біз дәліз бойымен медициналық бекет жанымен өтіп бара жатып, кереуетте жатқан баланы көрдік.

- Бір түлек өзін ауыр сезінген, қазір оған көмек көрсетіліп жатыр. Егер ол бүгін тапсыруға жағдайы болмаса, медициналық анықтама алып, ертең келе алады, мұның еш қиындығы жоқ, - түсінік беріп кетті қабылдау комиссиясының төрағасы.

ҰБТ тапсыруға арналған барлық аудиториялар үш қатардың бір жақ қанатында жинақы орналасқан. АМУ-де барлығы үш кезең өтеді (үшіншісі 6 маусымда), 2 047 адам тест тапсырады.

Ұялы телефондар жағдайына АМУ ректоры Б. Мамыраев былай түсінік берді:

- Егер олар осы кезден бастап белгіленген тәртіпті айналып өткілері келсе, бұл қауіпті үрдіс. Тәртіп бар, заң бар, оны бұзуға болмайды. Алайда, біз заңды жазалаушы механизмге айналдырмауымыз керек. Заң – бұл алдын алу. Біз оларға заңды бұзуға болмайтынын түсіндіруіміз қажет.

...Әрине, себеп-салдарды көп іздеуге болады, алайда, орта мектептерде фундаменталдық негіздерді ұмытпағаны жөн болар. Компьютерде жұмыс жасауға тез үйретуге болады, ал бірақ математикалық білім жүйелі оқытуды қажет етеді. Екіншіден, мынаған назар аударғандарыңызды қалаймын – ҰБТ-ны өмір мен өлім мәселесесіне тақап, қайғыға айналдырудың еш қажеті жоқ. Барлығы да тапсырып жатыр: бірі жақсы, бірі нашар нәтиже көрсетеді. Қажетті ұпайды жинай алмадың, кері дайындал, колледжге түс, жұмыс жаса. Бұрын кейбір мамандықтарға екі жылдық еңбек өтілінен кейін ғана алатын еді.

Бұл уақытта сыртта ата-аналар балаларын тез арада аудиторияға жіберуін талап етіп жатты.

- Олар төрт сағат бойы ыстықта тұр, алтыдан бері осы жердеміз, неге оларды ішке кіргізбейді? Бұл жағдайдың бәрі балаларды күйзеліске ұшыратады емес пе, мәселен, менің балам қалшылдап ауырады. Ана жақта қандай тексеру жүріп жатыр? Біз ештеңе көріп тұрған жоқпыз, көшеге неге монитор қоймайды? Кеше балаларды шешіндіруге дейін барып, «жақсылықпен бер» деп қорқытыпты деген әңгімелер шықты. Балаларға бұлай істеуге болмайды ғой.

Балаларын ұзақ ұстаған ата-аналардың талаптарын түсінуге болады. Алайда, бір жағынан, ҰБТ кезінде алынған телефондар туралы жаңалықтар ІІД ақпарлары сияқты ағылуда. Сөз соңында мына көрген жағдайымды айтып кетейін (үйреншікті көрініс екендігіне сөзім жоқ): оқушы жүгіріп шығып, АМУ ғимаратының есігі алдында сыныптастарынан жинап алған екі дорба телефонды қоршау сыртында күтіп тұрған мұғаліміне бере салды. Ал ол дым болмағандай оларды алып, жайына кетті.

АМУ-де өткен бірінші тестілеу күнінің жалпы орташа балы 70,2-ні құрады. 246 адам 50 балдан төмен жинады. Университетте тапсыратын 2 047 оқушының (облыс бойынша барлығы - 3868) 70-і «Алтын белгі» атағын, 71-і үздік аттестатын қорғап шығуы керек.
Бірінші күннен кейін 60-қа жуық адам апелляция берді, алайда ешбірі қанағаттандырылмады. Олардың көпшілігіне оқытушылар қателерін көрсетсе, 8 даулы шағым республикалық апелляциялық комиссияға жіберілді. Алайда олар да қанағаттандырылмады.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

Суретті түсірген автор

4 маусым 2014, 15:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.