Атырау, 1 қазан 04:39
 ашықВ Атырау +19
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

«Шаңырақ» гүлденеді

2 212 просмотра

Үш авто мото қауымдастығы – Drive2ru, «КТА» және Wild West Wheels Brothers «Шаңырақ» отбасылық үлгідегі балалар ауылының кішкентай бүлдіршіндеріне 1 маусымға арналған мереке ұйымдастырды. 

Жігіттердің айтуынша, мереке жоғары дәрежеде өткен. Сыйлықтар, сурет салу байқаулары, түрлі жарыстар, жергілікті әртістердің қатысуымен болған концерт...

Көптеген жас жігіттер келді, олар балаларымызға өз мейірімдерін, ілтипаттарын көрсетті, – дейді «Шаңырақ» отбасылық үлгідегі балалар ауылының директоры Гүлсара БОТАТАЕВА. – Балалар, әсіресе, байкерлердің мотоциклдеріне отырып, тетіктерін қозғағанда қатты риза болды. 

Сонымен қатар, авто мото қауымдастық «Шаңыраққа» суландыру жүйесін жүргізу үшін қаражат жинап берді.

Енді бізде гүл өсетін болды, – деп қуанды директор. – Бұл мәселе көп жылдан бері шешімін таба алмай жүр еді, жігіттер көмектесті.

Анастасия ПАСТУХОВА

5 маусым 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.