Атырау, 25 қараша 09:50
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

20 маусымда «Протон» ұшырылмайды

1 618 просмотра

Алматы. 4 маусым. ҚазТАГ – «Протон-М» зымыран тасымалдағышы 20 маусымда ұшырылмайды, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

«Бортында «Луч» ғарыш аппараты бар «Протон-М» зымыран тасымалдағышы 20 маусымда ұшырылмайтын шығар», - делінген МОҒЗИ бас директорының бірінші орынбасары Александр Данилюкаға сілтеме жасалған ақпарда.

Оның айтуынша, «бұл айда (маусымда –ҚазТАГ) «Протондар» ұшпайды».

А.Данилюк сондай-ақ апатты тексеру комиссиясының 8 маусымда жұмысты аяқтайтынын да айтқан, нәтижесі үкіметке жолданады.

«Нормативтер бойынша комиссия 8 маусымда жұмыстарын аяқтайды. Ешқандай жаңалық жоқ. Қорытынды акт бекітіліп, үкіметке жолданады», - деді ол.

Бұл ретте «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы дереккөз «Протон-М» зымыран –тасымалдағышының ұшырылуы болжам бойынша 8 шілдеге ауыстырылғанын айтты.

Бұрын хабарланғандай, 16 мамырда «Экспресс-АМ4Р» байланыс спутнигі бар «Протон-М» зымыран-тасымалдағышы апатқа ұшырады. «Протонның» ұшырылуының 545-ші секундында үшінші сатының жұмысында штаттан тыс жағдай орын алып, ол үдеткіш «Бриз-М» және «Экспресс-АМ4Р» ҒА бөлінуіне дейін 40 секундтай аз жұмыс істеді. Телеметрикалық ақпаратқа жасалған талдаманың алдын ала мәліметтері бойынша, үшінші сатының істен шығуы 160 км биіктікте 7 км/с жылдамдықпен бара жатқанда орын алған. Сондықтан «Протонның» бөлшектері мен отыны да атмосфераның қалың қабатында жанып кетті.

Еске салсақ, Роскосмос 2014 жыл соңына дейін 2 рет «Протон-М» зымыранын ұшырмақшы болған.

Қазір «Протон» зымыран-тасымалдағышын ұшыру комиссия жұмысы аяқталғанша тоқтатылды.

Дереккөз: ҚазТАГ

4 маусым 2014, 16:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.