Атырау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы ҮЕҰ және өкілетті органдар қатысуымен қоршаған ортаны қорғау күніне орай дөңгелек үстел өткізді.
Дәстүр бойынша ұйымдастырушылар шараға арнайы баяндамалар дайындап келген колледж студенттерін қатыстырды. Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжі және агротехникалық колледждің бірінші курс студенттері көлік құралдарының экологияға әсері, қоршаған орта жағдайының нашарлауына байланысты аурушаңдықтың артуы сияқты тақырыптарды қозғады.
Үздік баяндамалар үшін сыйлықтар берілді. 1-орын Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжі студенті Альбина ЕЛЕМЕСОВАҒА, 2-орын Агротехникалық колледж студенті Мақпал АЙДЫНБАЕВАҒА, 3-орын тағы бір «каспийлік» студент Әйгерім САҒЫНОВАҒА берілді.
Олар сәйкесінше 30 мың, 20 мың және 15 мың теңге мөлшерінде ақшалай сыйлыққа ие болды.
Сәуле ТАСБОЛАТОВА