Атырау, 25 қараша 09:48
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қашағанда өндiрiлмей жатқан мұнайдың орнын толтыратын қосымша көздер іздестірілуде

1 663 просмотра
Қашағандағы мұнай өндiрiсiнiң шығынын толтыру мақсатында Мұнай және газ министрлiгi өзге кен орындарында өндiрiс көлемiн арттырудың қосымша көздерiн қарастыруда. Бұл туралы бүгiн Мәжiлiстiң пленарлық отырысы барысында депутаттар сауалына жауап берген ҚР Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрi Ерболат Досаев мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.

«Қашаған туралы сөз қозғайтын болсақ, бұл жобадан бюджетке түсiм қарастырылмағанын бiлесiздер. Себебi, оның барлық кiрiсi тiкелей Ұлттық қорға бағытталады. Инфрақұрылымдық жобаларды дамыту мен iске асыруға 150 млрд теңге қаржы бөлiнген болатын, сондықтан бюджетте Қашаған жобасынан ешбiр қосымша түсiм қарастырылмады», - дедi Е.Досаев.

Министрдің айтуынша, 2015 жылы республиканың әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы аясында 2 млн 400 мың тонна көлемiнде мұнай өндiру ЖIӨ өсiміне әсер етеді.

«Қазіргі таңда Мұнай және газ министрлiгi «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясымен бiрлесе отырып, өзге де кен орындарындағы өндiрiс көлемiн арттырудың қосымша көздерiн қарастыруда. Бұл Қашағанда туындаған мәселелер салдарынан өндiрiс көлемi шығындарының орнын толтыру мақсатында жасалуда», - деп толықтырды ол.

Дереккөз: bnews.kz

 

4 маусым 2014, 11:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.