Атырау, 25 желтоқсан 15:26
 ашықВ Атырау -9
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Арменияда шіркеу арнасын көрсеткен телерадиокомпания таратылды

85 рет қаралды
© РИА Новости / Владимир Вяткин
© РИА Новости / Владимир Вяткин

Ереванда Армения үкіметі «Шогакат» шіркеу арнасын көрсеткен «Қоғамдық рухани-мәдени телерадиокомпанияны» тарату туралы шешім қабылдады. Бұл туралы елдің аумақтық басқару және инфрақұрылым министрі Давид Худатян ұсынған қаулыда айтылған, деп хабарлады РИА Новости,

15 күн ішінде мемлекеттік мүлікті басқару комитетіне арнайы тарату комиссия құру тапсырылды. Қоғамдық хабар тарату кеңесі компанияның барлық құжаттарын, қаржысын, бағалы қағаздарын және мүліктік құқықтарын комиссияға өткізуге міндеттелді.

Бұл шешім Армения билігі мен Армян апостолдық шіркеуі арасындағы ұзаққа созылған қайшылықтар аясында қабылданды. Премьер-министр Никол Пашинян католикос Гарегин II-нің отставкаға кетуін талап етіп келеді. Гарегин II 2020 жылы Қарабахтағы қақтығыс кезінде Пашинянды қызметінен кетуге шақырған болатын.

Пашинян шіркеуді «жаңарту» жоспарын ұсынып, уақытша патриаршыл орынбасар тағайындау және жаңа устав қабылдау арқылы католикосты алмастыруды көздеді.

Қазір Армян апостолдық шіркеуінің төрт жоғары иерархы түрлі айыптармен қамауда отыр. Шіркеу олардың қудалануын заңсыз деп санайды. Сондай-ақ, шіркеуді қолдаған кәсіпкер әрі меценат Самвел Карапетян да тұтқындалды. Бұл жағдай диаспора өкілдерінің ашу-ызасын туғызып, олар биліктің шіркеуге қарсы саясатын саяси қудалау деп атады.

Бүгін, 13:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.