Атырау, 5 мамыр 03:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Оқиғалар тізбегі

2 825 просмотра

Полицияға 41 жастағы қала тұрғыны хабарласты. Оның 36 жастағы танысы биылғы жылдың 21 қаңтарында3 млн теңге сомаға несие ресімдеп беруге көмектесемін деп уәде беріп, оның 75 мың теңгесін алып, ғайып болған. Алаяқтық жасады деп күдіктелген азаматқа іздеу жарияланды.

***

 

Полицияға Мақат кентінің 38 жастағы тұрғыны шағымданды.  Биылғы жылдың сәуірінде Атырау қаласының 34 жастағы тұрғыны облыс орталығынан пәтер алуға көмектесемін деп уәде беріп, 1 млн теңгесін алып, байланысқа шықпай қалған. Күдікті өз уәдесін орындай алмады, өйткені, ол бұл жағдайдан кейін осыған ұқсас эпизодтарға байланысты тергеу изоляторына қамалған еді.

***

 

Полицияға 31 жастағы әйел 28 мамырда бұрынғы күйеуінің күш қолданып, оның ұялы телефонын алып, қашып кеткеніне шағымданды. Тонаушыға іздеу жарияланды.

***

 

Екі тәулік (28, 29 мамыр) ішінде «Қауіпсіз жол» операциясы барысында 826 ЖҚЕ бұзушылық анықталды, атап айтқанда: көлікті жүргізуші куәлігінсіз жүргізген – 10, жылдамдықты арттырған – 74, қауіпсіздік белдігінсіз – 261, әйнектерді айналдыра күңгірттеу – 39, рөлде телефонмен сөйлесу – 59, апатты жағдай жасау – 3.

***

 

Атырау кәсіпкері полицияға 27 мамырда өзі жалдаған исатайлық бала күтушінің үйінен зергерлік бұйымдарды ұрлап, қашып кеткеніне шағымданды. Іздеу жарияланды.

***

 

Құлсары қаласының тұрғыны полицияға 28 мамырда оның 13 жасар ұлын 16 жастағы жасөспірімнің соққыға жыққандығына шағымданды. Тексеру жүргізуде.

***

 

Құлсарылық кәсіпкер 32 жастағы танысының бизнес бастаймын деп, өзінен 170 мың теңге алып, қайтармай отырғанын мәлімдеді. Күдікті басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

***

 

Қызылқоға ауданындағы фермерлік шаруашылықтардың бірінің басшысы санаулы күндерде жүзден астам қойды «жоғалтқан» қойшының әрекетіне шағымданды.

5 маусым 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.