Атырау, 27 қараша 06:40
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Аққуды атпаңдар...

4 977 просмотра

Сейсенбі күні редакциямызға Көкарна елді мекенінің тұрғыны Руфат телефон шалып, таңда үйінің шатырына аққу құлағанын хабарлады.

Құстың қанаты зақымданған болуы керек.

 Аула ішімен әрлі-берлі жүреді, қанатын қаққанмен, ұшып кете алмайды. Ауыл арасында үлкен иттер көп, байқаусызда жазым ете ме деп қорқамын. Бірақ қайда жіберетінімді білмеймін, - деп уайымдайды Руфат.

Біз ««Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты» РМК-ға хабарластық, алайда ол жердегілер қалада жалғыз жаралы жүрген аққумен айналысатын адам да, техника да жоқ деп, шығарып салды.

Содан кейін біз құсты өз күшімізмен құтқаруды шештік, таныстарымыз да көмек қолын созатын болды. Жақындап келе жатқан адамдарды көрген аққу мазасызданып, қанатын қатты қағып-қағып жіберді. Аспанға ұшқандай болып еді, алайда жерге кері қонды. Тағы бір минуттан кейін ол жүгіріп, қанатын қатты қағып, жерден көтерілді. Бұл жолғы әрекеті сәтті болып, ол бізден ұзай берді. Өкінішке орай, бұдан әрі қарай ол ұшуын жалғастырып, барар жеріне жетті ме, әлде тағы бір жерге шарасыз қонды ма, біле алмадық. Алайда, егер жаралы аққуды біреу-міреу көретін болса, «Ақжайық» резерватының мамандары оны ұстап алып, ашық су айдынына алып барсын деген кеңес берді.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

5 маусым 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.