Атырау, 27 қараша 06:48
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ұстаздар мұң шақты

1 892 просмотра

Қазақстанның Коммунистік Халық Партиясының (ҚКХП) Атырау облыстық филиалына мектеп директорларынан мамандықтарына сәйкес келмейтіні туралы ескерту алған педагогтар шағымданды. 

Ескерту мәтінін толық келтірген жөн болар: «ҚР БҒМ-нің 2009 жылғы 13 шілдедегі «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» №338 Бұйрығының талабына сай Сіз мамандығыңыз бойынша қызмет атқармайсыз, яғни, сабақ беріп жүрген пәніңіз дипломға сәйкес болмағандықтан 2014-2015 оқу жылы апталық жүктеме бере алмаймыз, сондықтан мамандыққа сәйкес келетін жұмыс іздеу немесе қазіргі сабақ беріп жүрген мамандыққа сай жоғары оқу орнына түсу қажет». 

ҚКХП-на шағымданған педагогтардың білім беру саласында 5 жылдан 30 жылға дейінгі еңбек өтілдері және жоғары педагогикалық білімдері бар. Кейбірін облыстық білім беру басқармасы пән мұғалімдері жетіспейтін мектептерге жұмысқа орналастырған. Педагогтар сабақ беріп жүрген пәндері бойынша білім жетілдіру курстарынан өткен, олардың біліктілік санаттарын облыстық білім беру басқармасы бекіткен. Сондай-ақ, олар үздік атанып, медальдармен марапатталған. Енді оларды дипломда көрсетілген мамандықтар бойынша жұмыс істеуге мәжбүрлеуде. Сонымен қатар, олардың жалақылары бастаушы педагогтардыкімен теңеседі, өйткені, барлық санаттары жойылады. Олардың көбіне қайтадан оқу керек болады, бұған қаржылық жағдайы көтермейтіндер бар. Айта кетейік, мұндай ескертуді әрбір мектепте ондаған педагогтар алған.

Заң жағынан ескертуде келтірілген талаптар заңсыз. ҚР-ның 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» №213 Заңының 37-бабының талабы бойынша нормативтік құқықтық актінің күші оны күшіне енгізгенге дейін пайда болған қатынастарға қолданылмайды. Нормативтік құқықтық актілер жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттер жүктейтін не олардың жағдайын нашарлататын құқықтық актілердің кері күші болмайды».

Сондықтан жалпы білім беретін мектеп директорларының мұғалімдерге берген  ескертулері қолданылып жүрген заң талаптарына қайшы.

Е. Даулетқазиев, ҚКХП-ның Атырау облыстық филиалы төрағасы, ҚР-ның құрметті білім беру қызметкері

5 маусым 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.