Басқа жаңалықтар Шетпедегі атыс Шетпе стансасында төтенше жағдай жарияланған жоқ. Бірақ коменданттық сағат енгізілген. 22 желтоқсанда біз журналистер тобымен сол жерге аттандық. Ақтаудан Шетпеге дейінгі қашықтық 150 км. Бұл жерде бюджеттік сала мен теміржол стансасының мекемелерінен басқа жерде жұмыс жоқ. Бірақ, әрине, Маңғыстау облысының кеніштерінде вахталық жұмыстар бар. Ал стансаның жұмыссыз тұрғындары өтіп жататын пойыздарға сауда жасаумен күн көреді. Бізді тағы да облыстық әкімдіктің қызметкері мен біздің қауіпсіздігімізді қамтамасыз еткен екі полицей қызметкері алып жүрді. Алайда сапарымыздың алдында бізді күтпеген жерден Ақтаудағы облыстық аурухананың мүрдеханасына апарды. 25 желтоқсан 2011, 21:49 4 355 просмотра
Басқа жаңалықтар Елбасымен тілдескен Телеғұсовқа іздеу жарияланды Бүгін, 24 желтоқсанда Жаңаөзен қаласындағы ІІБ-де 16 желтоқсанда орын алған тәртіпсіздіктерге белсенді қатысушыларға іздеу жарияланды. 24 желтоқсан 2011, 23:40 3 286 просмотра
Басқа жаңалықтар Тете премьер Өмірзақ Шөкеев: «Президент бірнеше адамды жұмыстан шығарды. Сіздерге тағы не керек?» Бүгін тете министр Өмірзақ ШӨКЕЕВ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқармасының президенті Ләззат ҚИЫНОВ және «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директоры Алик АЙДАРБАЕВ Ақтауда ереуілге шыққан «ҚаражамбасМұнай» АҚ мұнайшыларымен кездесті. 24 желтоқсан 2011, 23:58 2 844 просмотра
Басқа жаңалықтар Жаңаөзеннің жан ауыртар жаралары Журналистер тобы Жаңаөзенге аяқ басты. Бірақ бәріміз де қала коменданты мен облыстық әкімдің қызметкерлерінің аса қамқорлығы мен бақылауындағы ақпарат вакуумында жұмыс істедік деуге болады. 23 желтоқсан 2011, 00:47 3 952 просмотра
Басқа жаңалықтар ҚІІБ ғимаратына ереуілшілердің төрт өкілін өткізді Бүгін Жаңаөзенде «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқармасының президенті Ләззат ҚИЫНОВ пен тете премьер Өмірзақ ШӨКЕЕВ жетекшілік еткен мемлекеттік комиссия мүшелері ереуілге шыққан мұнайшылармен кездесті. 23 желтоқсан 2011, 23:22 2 523 просмотра
Қоғам Атырау: Жеңіс бағында жағылған шырақтар Бүгін, 23 желтоқсан, сағат 18.00-де Атыраудағы Жеңіс бағында саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш алдына қала тұрғындары Жаңаөзендегі оқиға кезінде қаза болғандарға арнап 20 шақты шырақ жақты. 23 желтоқсан 2011, 21:55 3 036 просмотра
Басқа жаңалықтар Елбасы Жаңаөзен қаласын жедел қалпына келтіру мәселелерін барынша қысқа мерзімде шешуді жүктеді Кеше Маңғыстау облысына шұғыл жұмыс сапарымен барған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтаудағы облыс активімен кездесуден кейін Жаңаөзенге ат басын бұрды. 23 желтоқсан 2011, 23:53 2 543 просмотра
Басқа жаңалықтар «Бұрынғы жұмысымызды қайтаруды талап етеміз» Елбасы келгеннен кейін, бүгін 23 желтоқсанда, «ҚаражамбасМұнай» АҚ мұнайшылары қайтадан компания кеңсесінің маңына жиналды. Олар «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқармасының тағайындалған президенті Ләззат ҚИЫНОВПЕН және Жаңаөзендегі оқиғаларды тергеу жөніндегі мемлекеттік комиссияның жетекшісі Өмірзақ ШӨКЕЕВПЕН кездесуді күтуде. 23 желтоқсан 2011, 19:45 1 973 просмотра
Басқа жаңалықтар Назарбаев Телеғұсовқа: «Егер айтқаныңыз рас болса, онда кінәлілерді жазалаймыз, ал егер жалған болса, өзіңіз сотталасыз!» Маңғыстау облысына Қазақстан президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ келді. Барлық аудандардан ереуілге шыққан мұнайшылар Ақтау қаласындағы түрлі кеніштерге вахталық автобустар шығатын автостансаға жиналыпты. Алайда президент олармен ақыры кездесе алмады. 23 желтоқсан 2011, 12:05 4 049 просмотра
Басқа жаңалықтар Тимур Құлыбаев қызметінен босатылды Желтоқсанның 22-і Ақтауда қала әкімдігімен кездесу үстінде президент Нұрсұлтан Назарбаев "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының төрағасы Тимур Құлыбаевтың қызметінен босатылатыны туралы хабарлады. 22 желтоқсан 2011, 23:34 2 939 просмотра
Саясат Маңғыстау облысының әкімі болып Бауыржан Мұхамеджанов тағайындалды Маңғыстау облысының әкімі болып Бауыржан Мұхамеджанов тағайындалды. 22 желтоқсан 2011, 18:18 5 355 просмотра
Саясат Назарбаев Ақтауда жұмыс сапарымен жүр ҚазТАГ хабарлағандай, елбасы жұмыс сапарымен Ақтау қаласына ұшып келіпті. 22 желтоқсан 2011, 18:27 2 823 просмотра
Басқа жаңалықтар Ақтауда алаңға шыққандар қамаудағыларды босатып, аза тұту күнін жариялауды талап етті Жаңаөзендегі тәртіпсіздіктер салдарынан болған зиян мөлшері 2 миллиард теңгеден астам. Жаңаөзенде коменданттық сағат пен төтенше жағдай әлі жойылған жоқ. Ал қамауға алынғандардың тағдыры әзірге беймәлім. Ұялы байланыс пен интернет ажыратылған. Ереуілге шыққан мұнайшылардың үкіметтік комиссиямен жасаған келіссөздерінен түк шықпады. Наразылық білдірушілер мен полиция арасындағы қақтығыс жалғасуда. 22 желтоқсан 2011, 13:23 2 653 просмотра
Басқа жаңалықтар Ғаламтордағы аңыздар мен үрейлі ойлар Осы қаралы күндері, «АЖ» сайтына (www.azh.kz) кірушілердің комментарийлерін оқып отырып, интернет-жұртшылығының санасын алдап-арбау қалай оп-оңай еді деген ойға қалдым. «Тойынған» жаңаөзендіктердің тарапына айтылған лағнет пен ызалы сөздерге қатысты емес. Қазнетті жаулап алған түрлі-түсті төңкерістер экспорты тақырыбындағы дабыра жөнінде әңгіме өрбітеміз. 22 желтоқсан 2011, 13:17 2 717 просмотра
Басқа жаңалықтар Жаңаөзенге арналған картоп пен ұн Облысымыз Жаңаөзенге ең қажетті азық-түліктер түрінде гуманитарлық көмек көрсетпек. 22 желтоқсан 2011, 13:31 2 015 просмотра
Мәдениет Жастық шақтың жарқын бояулары Қадала қараған бірнеше жұптың көзінің алдында тағы да кем дегенде төрт сағат тұрды. Дегенмен, натурашы қыз қимылсыз ұзақ уақыт бойына тұруға баяғыдан-ақ әдеттенген. Оның анадан туғандай тыр-жалаңаш тұрғанына қысылып-қымтырылуы суретші шеберханасында тіптен орынсыз екендігі белгілі. Ол өзінің желге ұшып желбіреген шашында ойнақтаған күн сәулесі оның өзінің әдемілігін барынша шындыққа жанаспайтындай әсерде қалдырғандығын біліп те тұр. Оның денесінің әрбір бітімі, қырын қараған иығы, бөксенің болмысы мен білезік және солған гүлшелер секілді ашылмаған раушан гүліндей салбыраған басының аздап сай келмейтіндігін ол сезіп те отыр. Алайда ол бүгін қылқалам мен кенептің басты тақырыбы. 22 желтоқсан 2011, 16:08 7 480 просмотра
Қоғам Индердегі үйсіздердің халі не болмақ? Индербор поселкесіндегі өрттің салдарынан елу шақты адам үйсіз қалды. Қақаған қыста далада қалған ел биліктен көмек болмаса парламент сайлауына қатыспайтындарын айтып отыр. 22 желтоқсан 2011, 16:15 2 476 просмотра
Басқа жаңалықтар Жөнсіз жарнамаға орын жоқ Атыраулық жеке кәсіпкер Мұрат Әділовтің қаладағы билбордтарға жарнама ілумен айналысып келе жатқанына біраз болды. Осыдан бір жылдан аса уақыт бұрын ол өзінің кәсібіне өзгеріс енгізіп, мұсылмандық дәстүрге сай келмейтін жарнамалық ақпараттарды қабылдамауды шешті. Және бұл жөнінде өзінің клиенттеріне де ескертіп, хабарламалар таратып келеді. 22 желтоқсан 2011, 17:28 2 655 просмотра
Басқа жаңалықтар Ұлттық өнерді әлемге паш етпек Жуырда «Ақ Желкен» шығармашылық орталығында «Жерұйық» мәдениет орталығы» үкіметтік емес ұйымының тұсауы кесілді. Тұсаукесер рәсіміне жергілікті БАҚ өкілдерімен бірге қоғамдық бірлестіктер жетекшілері, суретшілер мен қолөнершілер қатысты. 22 желтоқсан 2011, 17:24 2 352 просмотра
Басқа жаңалықтар Аяз ата, Ақшақар және Жын мен Айдаһар Жаңа жылға дейін аз уақыт қалды, ал біздің - ата-аналардың каникул кезінде балалардың көңілін көтеретін сауық бағдарламасын ойластыруға мүлдем уақытымыз жоқ. Тоқсандық және жылдық есепті тапсыруға үлгеру керек деп жанталасып жүргенде шыршаны қайдан ойлайсың?! Қызметтік жағдайымды пайдаланып, оқырмандар үшін және өзім үшін балалар ертеңгілігі туралы мақала дайындауды жұмыс жоспарыма енгізуге тура келді. 22 желтоқсан 2011, 16:20 20 082 просмотра
Басқа жаңалықтар ЖИН жоқ болса - айыппұл төле! 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке куәліктерінде жеке идентификациялық нөмірі жоқ азаматтар бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 7560 теңге айыппұл төлейді. 22 желтоқсан 2011, 17:15 2 297 просмотра
Қоғам «Мейірімнің» мүмкіндігі мол Мақат ауданындағы мүгедектерден құрылған «Мейірім» тігін цехы жұмысшысын да, тұтынушысын да қуантып отыр. 22 желтоқсан 2011, 16:18 4 239 просмотра
Басқа жаңалықтар Тоғызыншы «Лидер» ашылды «Ағила» сауда орталығының жанындағы №71 үйде қаладағы «халықтық» «Лидер» супермаркеті желісінің 9-шы дүкені ашылды. Оныншы дүкен де ашылады деп күтілуде, бірақ, арзан азық-түлік жеткізушінің бұған күші жетпеуі мүмкін. 22 желтоқсан 2011, 17:17 2 164 просмотра
Басқа жаңалықтар Тағы екі балабақша есік ашты Сейсенбі күні Атырауда бірден екі балабақша ашылды. Бірі - Авангард 2-ші ықшамаудандағы №19 «Шұғыла» балабақшасы, екіншісі – Атырау ықшам ауданындағы №5 «Аққу» балабақшасы. 22 желтоқсан 2011, 17:20 3 292 просмотра
Басқа жаңалықтар №5 емханада кезек жоқ Құлманов көшесінен ескі әуежайға дейінгі аумақта тұратын тұрғындарға қызмет көрсететін №5 емхана пациенттері «Кезексіз емхана» бағдарламасының артықшылықтарын Атыраудағы алғашқылардың бірі боп бағалай алды. 22 желтоқсан 2011, 16:29 2 244 просмотра