Балықшылықтар масамен күрестің жаңа тәсілін ойлап тапты.
Атыраулық масалардың мықтылығы сондай, үстіңе жағатын улы майлардың ешбірі оларға әсер ететін емес. Алайда, балықшылықтар да оңай шағылатын жаңғақ емес: олар бұл жәндіктерді ұзақ уақытқа жоятын «керемет» қоспа ойлап тапты. Масалардан қорғану үшін олар аулаларының әр жерінде ағаш, жусан және автокөлік майынан тұратын қоспа жағуда. Осындай қоспаның бір шелегі масаларды жүз метрге дейін қуады және екі сағатқа дейін олар туралы, сондай-ақ, үйге келетін қонақтар туралы ұмытуыңызға болады. Өйткені бұл қоспаның иісі маса түгілі адамды жақындатпайды. Алайда, бұл уақытта тұрғындар масаға таланамын деп қорықпай, өз жұмыстарын бітіріп алады.
Анастасия ПАСТУХОВА
Суретті түсірген автор