Атырау, 22 қараша 16:47
 ашықВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Әнуар Бакуге барады

2 301 просмотра

Орал қаласында өткен жастар арасындағы Ұлттық Дельфий ойындарында жерлесіміз Әнуар Зинеденов (суретте) «Ұлт аспаптары» номинациясында алтын медаль алды. 

Дельфий ойындары – классикалық, халықтық және заманауи жанрлар сияқты барлық өнер түрлерін біріктіретін әлемдегі жалғыз байқау. Сайыстар15 номинация бойынша өтті. Арасында фортепиано, халық қолөнері, сурет өнері, халық аспаптары, баян, эстрадалық әндер орындау, ұлттық және заманауи билер және т.б. бар.  

Атырау облысы намысын 10 номинация бойынша 22 қатысушы қорғады. Қоржынымызға жүлделерді Дина Нұрпейісова атындағы колледждің студенттері салды. Әнуар Зинеденов «Ұлт аспаптары» (домбыра) номинациясында 1-орын, осы колледждің студенті Ләззат КЕНЖЕҒАРИНА  «Фортепиано» байқауында «күміс» (1-орынды ешкімге берген жоқ), Ерік КӨШЕРОВ «Баян» номинациясында екінші орын алса, Тұрлан ЖҰМАҒАЛИЕВ «Домбыра, шертер» номинациясында үшінші орынға көтерілді.  

Әнуардың бұл жеңісі оған келесі жылы Қазақстан құрама командасы сапында Бакуде өтетін Халықаралық дельфий ойындарына қатысуға мүмкіндік береді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

10 шілде 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.