Облыстық соттың баспасөз хатшысы Боранбай ҒАЛИЕВ хабарлағандай, облыстық соттың судьясы Таңатар САТАЙБАЕВ зейнеткерлік жасқа шығуына байланысты отставкаға кетті.
Мақат аудандық сотының судьясы Алтыншаш МАҒЗОМОВА Исатай аудандық сотының төрағасы болып тағайындалды.
Атырау қалалық №2 соттың судьясы (қылмыстық істер жөніндегі) Марал ЖАРЫЛҒАСОВА Алматы қаласының Алмалы аудандық сотының судьясы болып тағайындалса, Атырау қалалық сотының судьясы Гүлсім ИЩАНОВА басқа жұмысқа ауысуына байланысты атқарып отырған лауазымынынан босатылды.
Сәуле ТАСБОЛАТОВА