Атырау, 27 қараша 11:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Өгейсіген өңір

2 594 просмотра

7 шілдеде сенатор Сәрсенбай ЕҢСЕГЕНОВ Қызылқоға ауданының Тайсойған және Индер ауданының Сарымайшағыл ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Бұл ауылдар Тайсойған полигонының аумағында орналасқан.

Мемлекетаралық келісімшартқа сәйкес полигонды ресейлік әскери қызметкерлер жалға алған. Оның алаңы – 750 мың гектар, яғни, ауданның шөпке бай, құнарлы жерінің үштен бір бөлігіндей аумақты алып жатыр. Геологтардың пікірінше, бұл жер қойнауында мұнай кендері бар екен.

Жергілікті тұрғындар өз үйлеріне, жеріне, малына құжаттарды рәсімдей алмай, тиісінше, шаруашылықты дамытуға несиелер мен субсидиялар ала алмай жүр. Ұңғымаларды бұрғылай алмай жүрген мұнайшылардың жағдайы да осындай.

...Сенатор мен басқа да ресми тұлғалар мінген джиптер тізбегі белестердің арасын ұзақ шарлады. Ақырында автокеруен шаруашылық құрылыммен қоршалған үлкен үйдің маңына келіп тоқтады. Меймандарды 63 жастағы фермер Зұлқожа МОЛДАШЕВ қарсы алуға шықты.

Ол еділбай тұқымды қой өсірумен айналысады. Бес жүздей қойы мен бірнеше сиыры бар. Алдымен ол депутатқа облыста бірнеше жылдан бері жалғасып келе жатқан су тапшылығына шағымданды:

– Бұрын жарты метрдей тереңдіктен мал ішетін су табуға болатын еді. Қазір екі метрден де терең қазу керек.

Содан соң фермер депутатқа мүлікті заңдастыруға қатысты белгілі көріністі суреттеді.

Тайсойған ауылының мектебінде сенатордың тұрғындармен кездесуі өтті. Мұнда оларды өз жерін қашан толықтай пайдалана алатындықтары туралы сұрақ қызықтырды. С.Еңсегеновтің айтуынша, ресейлік әскерилерге жалға берілген жерді қайтару туралы мәселе 2011 жылы орнынан қозғалған. Мұнымен кезекпе-кезек мұнай және газ министрлігі, қаржы министрлігі айналысты. Қазір осы проблеманы шешумен қорғаныс министрлігі айналысуда. Ресейлік тараппен полигон алаңы жүздеген есеге қысқарады, ұзындығы 50 шақырым, ені 20 шақырым құрайды деген келісім бар. Бұдан басқа, полигонға Қызылқоға ауданының тіршіліксіз қалған сортаң жері бөлінетін болады. Бұл туралы шешімге ағымдағы жылдың соңында өтетін мемлекетаралық комиссия отырысында қол қою жоспарланып отыр.

Астанадан сенатормен бірге келген ҚР Қарулы күштерінің Бас штабының қызметкерлері Қайролла ИЛЬЯСОВ пен Илья ТУЛЬСКИЙ тұрғындарға қазір ресейлік тараппен полигонның жаңа координаттары туралы келіссөз жүргізіліп жатқанын хабарлады.

«Ембімұнайгаз» АҚ бас директорының орынбасары Аип СҰПЫҒАЛИЕВТІҢ айтуынша, Тайсойған блогы бойынша геологиялық 25 құрылым белгілі. Оның ішінде тек екеуі игерілуде. Өткен жылы бұрғыланған екі бұрғылау ұңғымасында бұрқақ болған. Оларды қажет уақытқа дейін тұмшалап тастауға тура келді. Бұдан басқа, зерттеу мәліметтері бойынша, жер қойнауының жеті деңгейінде «қара алтынның» бар екені дәлелденді.

– Біз толық ауқымда барлау жұмыстарын жүргізе алмаймыз. Өйткені, жер бізге тиесілі емес. Келісімнің арқасында «Уаз» бен «Қоңдыбай» кеніштері игерілуде, бірақ тек шектеулі режимде. Егер біз осы жерде жұмыс істеуге мүмкіндік алсақ, жаңа жұмыс орындары пайда болады, вахталық поселкелерде құрылыс басталады, аудан бюджетіне салықтар құйылады, - деп сендірді А.Сұпығалиев.

1999 жылғы мәліметтер бойынша Тайсойған блогында мұнай қорлары 51 млн тоннаны құраған. Тұзасты мұнай кендерін барлау жұмыстарын бастау жоспарда бар. Мәселен, Тайсойғаннан 56 шақырым жерде «Кенбай» кенішінің астынан ірі тұзасты құрылым табылған. Сондықтан «терең» мұнай Тайсойғанның өзінде де болуы мүмкін.

Кездесу соңында сенатор былай деп мәлімдеді:

- Әскерилерге полигонды жалға беру мемлекетке жылына 4 млн доллар мөлшерінде кіріс әкеледі. Ал, тек бір «Мәтен Петролеум» мұнай компаниясы бюджетке жылына 4,6 млрд теңге салық төлейді. Ауыл шаруашылығының келешегі кемел екендігі байқалады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

10 шілде 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.