Атырау, 29 маусым 18:33
 дождьВ Атырау +20.1
$ 486.47
€ 554.77
₽ 6.26

Аргентиналықтар Нидерландтар құрамасын жеңіп, финалға шықты

2 202 рет қаралды

Фото: Reuters  Фото: Reuters АСТАНА, 10 шіл - Қазақстан жаңалықтары АА. Бразилияда өтiп жатқан футболдан әлем чемпионатының жартылай финалдық бәсекесiнде Аргентина мен Нидерланды құрамалары кездесу өткiздi.

Бұл матчтың негiзгi уақытында қарсыластар бiр-бiрiнiң қақпасының кiлтiн таба алмай, ойынды овертаймға ауыстырған. Дегенмен онда да футболшылар есеп ашқан жоқ.

Ойын соңындағы пенальти сериясында аргентиналық қақпашының бағы басым болды. Ол нидерландылықтардың шабуылшылары тепкен 2 соққыны тойтара бiлдi. Өз кезегiнде аргентиналықтар барлық соққыларын сәттi орындады. Есеп - 2:4, оңтүстiкамерикалықтардың пайдасына.

Дереккөз: newskaz.kz

 
10 шілде 2014, 10:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.