Атырау, 1 қазан 20:39
 ашықВ Атырау +11
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Қазақстан жақын арада виза саясаты бойынша үлкен бағдарлама қабылдайды – СІМ

2 612 просмотра

Фото: Қазақстан жаңалықтары АА.Фото: Қазақстан жаңалықтары АА.Астана. 10 шілде. ҚазТАГ – Жанболат Мамышев. Үкімет пен мемлекет басшысы жақын арада Қазақстанның виза саясаты бойынша үлкен бағдарламасын мақұлдайды, деп хабарлады сыртқы істер бірінші вице-министрі Рәпіл Жошыбаев.

«Біз көршілерімізге, әлемдік қауымдастыққа үлкен талдау жүргіздік, оларда барлығы электронды форматқа көшірілген, электронды визалар, шекараны электронды өту жұмыс істейді.. Қазір осы үлкен жұмыс жүріп жатыр. Жақын арада үкімет пен мемлекет басшысы оны бекіткеннен кейін, жалпы виза саясаты бойынша үлкен бағдарламаның тұсауын кесеміз деп ойлаймын», - деді Р. Жошыбаев бейсенбідегі брифингіде.

Оның айтуынша, аталған бағдарлама шекара мен көші-қон есебінен өтуді жеңілдету жолындағы үлкен қадам болмақ.

«Бұл адами байланысты жоққа шығарады. Бұл дегеніміз кез келген елде отырып-ақ визалық тәртіп бойынша біздің талаптар парағын толтырып, қазақстандық визаны алуға болады деген сөз, және де болмашы қысқа мерзімнің ішінде ол біздің елге кіре алатыны туралы жауапты алады, сөйтіп визаны Қазақстан Республикасына кірер кезде шекараға келіп бір-ақалады», - деді ол.

Р. Жошыбаев аталмыш жаңашылдықтың бәрін алдағы уақытта енгізу жоспарланып отырғанын хабарлады.

«Сондай-ақ биометрлік мәліметтер. Еуропалық одақ және көптеген елдердің, Ұлыбританияның биометрика бойынша жұмыс істейтінін сіздер білесіздер. Біздің бәріміз саусақ іздерін қалдырамыз, кейбір елдерде көздің (сыртқы мөлдір – ҚазТАГ) қабығын тексереді, сол себепті біз де бұл жаңалықтарды заңнамаға енгізу үстіндеміз», - деді вице-министр.

Ол тиісті компаниялар Қазақстанда 1,5 жыл ішінде биометрлік мәліметтерді тексеруге арналған құрылғыларды қоя берсе болатынын нақтылай өтті.

Вице-министр Қазақстан өз азаматтары үшін визасыз тәртіпте кіргізетін елдердің тізімін кеңейту жөніндегі жұмысты жалғастыратын хабарлады.

«Міндетті түрле. Міндетті түрде болады, болады. Бұл пилоттық жоба. Біз (Қазақстанға қаржы құйған ірі инвестор – 10 ел азаматтары үшін визасыз ену режімі – ҚазТАГ) бұл жылы қалай аяқ алып кететіндігін қараймыз», - деді ол.

Еске сала кетейік, 13 маусымда Р. Жошыбаев қазақстандық жобаларға ең көп сома инвестициялаған 10 ел азаматтары үшін біржақты тәртіппен орнатылған визасыз режім 1 жыл жұмыс істейтінін хабарлаған болатын.

«ҚР Үкіметі 2014 жылдың 15 шілдесінен 2015 жылдың 15 шілдесіне дейінгі аралықта АҚШ, Нидерланды, Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Малайзия, БАӘ, Корея Республикасы және Жапония азаматтарына визасыз тәртіп орнату туралы тиісті шешім қабылдады», - деді сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев жұма күнгі ҚР аккредиттелгенелдердің консулдары және елшілерімен болған кездесуде.

Р.Жошыбаевтың айтуынша, «бұл ЕХРО-2017 көрмесі қарсаңындағы шетел мемлекеттерімен ынтымақтастықты әрі қарай жеңілдетуге, инвестиция тартуға, сонымен қатар халықаралық сапарлар үшін қолайлы жағдайлар орнауына бағытталған арнайы қадам».

Ол көрсетілген уақыт аралығында 10 елдің дипломаттық, қызметтік және ұлттық төлқұжаттарына ие азаматтарына ҚР мемлекеттік шекараны өткеннен бастап 15 күннің ішінде көпреттік түрде Қазақстан Республикасының территориясына визасыз кіріп, шығып, транзитпен өтуге мүмкіндік берілетінін атап өтті.

Жоғарыда аталған елдердің азаматтары Қазақстан Республикасы аумағында 15 күннен артық болатындай дәйекті қажеттілік пайда болса, олар заңмен бекітілген тәртіп бойынша ҚР Ішкі істер органдарында «іскерлік» санаттағы және ҚР сыртқы істер министрлігінде «инвесторлық» санаттағы тиесілі визаларын алуы қажет.

СІМ өкілінің ақпарынша, аталған тізімге енетін елдер, өз кезегінде, Қазақстан азаматтарына виза беруді жеңілдету бойынша жұмысты бастаған.

Р. Жошыбаев Қазақстан азаматтарын біржақты тәртіпте 30 күнге визалық талаптардан босатқан Малайзияны мысалға келтірді.

Дереккөз: ҚазТАГ

10 шілде 2014, 15:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.