Атырау, 27 қараша 11:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ең тәжірибелі дәрігер

2 645 просмотра

№2 емхананың учаскелік дәрігері Гүлжамал БЕКМҰХАМБЕТОВА республикалық «Үздік дәрігер» байқауында алғашқы медициналық-санитарлық көмектің ең тәжірибелі ардагері деп танылды.

Гүлжамал Бекмұхамбетова емханада 1972 жылы ең алғаш ашылған сәттен бастап 42 жыл бойы жұмыс жасайды. Осы уақыттың ішінде ол 100 мыңнан астам науқасты қабылдаған. Учаскелік дәрігер – бұл жай ғана терапевт емес, ол өз науқастары үшін психологтың да, медициналық жедел жәрдемнің де қызметін атқарады.

- Әлі есімде, бұл оқиға 1985 жылғы 18 наурызда болды. Күн салқын болатын, қар жаңа еріп жатқан. Кешқұрым жолдасым екеуміз дүкеннен келе жатқанбыз. Біздің үйдің кіреберісі алдында жүк көлігі тұр. Қасына жақындағанымызда танымайтын бір ер адамның басын ұстап, жерде жөрелеп ал, көлік ішінде жылы киінген әйелдің қимылсыз отырғандарын көрдік. Әйелдің төмен жағынан бүлкілдеген дыбыс шығады. Оның босанып жатқанын бірден түсініп, бесінші қатардағы үйге барымды сала жүгірдім. Үйге келіп, тез арада асхана пышағын, дәке, бірінші кездескен жаялықты ала салып, кері шаптым. Баланың кіндігін кесіп, жаялыққа орадым, бұл қыз бала еді, - деп әңгімелеп берді Гүлжамал апа.

Бұл кезде апайдың күйеуі, айтпақшы, ол да – дәрігер, көршілерден үлкен жапқыш сұратып, оған әйелді салып, жас әкемен бірге пәтерге алып барды. Баланы да үйге әкеліп, жуындырды. Содан кейін «жедел жәрдем» келіп, ана мен баланы перзентханаға алып кетті.

Оқиға былай болған екен: әйелінің толғағы келе бастағанда жолдасы оны Геолог ауылынан перзентханаға алып бара жатады. Жолда жаңа дүниеге келген баланың даусын естіген әкесі сасқалақтап, жақын тұрған бес қатарлы үйге қарай көлігін бұрған... Гүлжамал апа кішкене қызға кіндік шеше болды. Ол қыз қазір бой жетіп, күйеуге шықты, екі баласы бар.

Ал, Гүлмаржан Бекмұхамбетова егде тартқан жасына қарамастан жұмысын жалғастыруда. Ол тек науқастарға ғана емес, өз әріптестеріне кеңес беріп, қолдау көрсетіп, көмектесіп отырады. Ең бастысы, ол әлі күнге дейін жаңа емдеу әдістері мен түрлі ауруларды бақылау тәсілдерін оқып-үйреніп жүр. Оның тікелей қатысуымен емханада артериалдық гипертонияны бақылау және артериалды демікпемен ауыратындарға арналған мектептер ашылды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

10 шілде 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.