АСТАНА, 10 шіл - Қазақстан жаңалықтары АА. 9 шілде күні Алматыда Бөгенбай батыр мен Орманов көшелерінің қиылысында орналасқан жекеменшік үйлердің бірінен адамның басы табылды, деп хабарлайды Алматы телеарнасы.
Ер адамның басы жекеменшік үйдің ауласынан табылды. Оқиға орнында сот-медициналық сарапшылар бригадасы жұмыс істеуде. Полицейлер иттермен бірге ауланы жіті тексеріп жатыр.
Үй жақында ауруханада көз жұмған жас жігітке тиесілі екен. Көршілердің айтуынша, үй өңкей маскүнемдер мен нашақорларға толы болатын.
Әзірге алматылық полицейлерден ресми ақпарат келіп түскен жоқ, ал қалалық ІІД аталмыш оқиғаға түсінік беруден бас тартты.
Дереккөз: newskaz.kz