Яблочный өткелінің тұрғындары өзен жағасындағы жеті қабатты үй құрылысы басталғалы өз өмірлері үшін алаңдаулы.
Мәселе мынада: бір кездері тыныш аудан енді тек жеке көліктер ғана емес, жолдың үстінен жүргізілген газ тұрбаларын жапырып тастайтын ауыр жүктер таситын машиналар жүретін жолға айналған.
- Жақында осы тұрбаларға қатысты оқиға орын алды, - дейді сол жердің тұрғыны Любовь БЕНДЕР. – Машина Яблочный өткелі, 1 мекен-жайындағы үйдің маңынан өтетін газ тұрбасының тіреуішін қағып кетті. Гүрсілдің қатты болғаны сондай, тіпті үй ауласында орналасқан балабақшаның тәрбиешілері серуендеп жүрген балаларды тездетіп ғимаратқа алып кетті. Сол маңда газ тарататын будка бар. Жарылыстан күліміз көкке ұшады деп бәріміздің қорыққанымызды айтудың да жөні жоқ шығар. Иә, тұрбаны тез қалпына келтірді, алайда бұл жағдайдың тағы да қайталанып, оның немен аяқталарын кім біледі?
Кейін анықталғандай, тұрғындар құрылыс машиналары үшін жолды жауып тастау өтінішімен Атырау облысының әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВКЕ қолдарын қойып, хат жазыпты. Тұрғындар орынды жолды – газ тұрбалары жоқ «Атырау» шипажайы жақтан құрылыс жаққа өтуді ұсынып отыр.
- Ал, әзірге құрылыс жақтан гүрсіл естілсе, бұрынғыша еріксіз көзімізді жұмып аламыз, - дейді тұрғындар.
Анастасия ПАСТУХОВА
Суретті түсірген автор