Атырау, 1 қазан 20:48
 ашықВ Атырау +11
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

ҚР СІМ «Гүлнәр турды» лицензиясынан айыру жағында

2 114 просмотра

Фото: ИА Новости-КазахстанФото: ИА Новости-КазахстанАстана. 10 шілде. ҚазТАГ – Жанболат Мамышев. Қазақстан сыртқы істер министрлігі «Гүлнәр тур» туристік компаниясын лиценциясынан айыру жағында, деп хабарлады ҚР сыртқы істер бірінші вице-министрі Рәпіл Жошыбаев.

«Біз (индустрия және жаңа технологиялар министрлігі туризм индустриясы комитетінен – ҚазТАГ) жылма-жыл бұндай нәрселердің қайталанбауын алдын-ала біле тұра жасаған осындай туроператорларды лицензиясынан айыруды сұрағымыз келеді. Ал әрі қарай лицензия беретіндер шешім қабылдай жатар», - деді Р. Жошыбаев бейсенбі күнгі брифингіде.

Оның айтуынша, консулдық қызметкерлері қазақстандықтарға көмек беріп, Анталияда жұмыс істеуде.

Вице-министр туроператорлар жөне әуе компанияларымен проблема өткен жылы да туындағанын атап өтті.

Еске салсақ, «Гүлнәр тур» туроператор төңірегіндегі қалыптасқан жағдайға байланысты компанияның жүздеген клиенттері Түркиядан Қазақстанға ұшып шыға алмай қалды. Осындай жағдайға кейін Қазақстаннан Түркияға демалысқа ұшып кетуі керек клиенттер де ұшырады. Азаматтық авиация комитетінің айтуынша, «Гүлнәр тур» бағдарламасын орындап жүрген JetAirlinesавиакомпаниясын пайдалануға рұқсат 30 маусымға дейін болған. Соған қарамай туроператор шілде айының рейстеріне де билет сатуын жалғастырған.

Қазіргі таңда, ҚР ИЖТМ туризм индустриясы комитетінің ақпарынша, 1 мыңға жуық адам үйлеріне оралған. Қалған соңғы туристер Қазақстанға 11 шілдеде ұшып келеді деп күтілуде.

Компанияға тексеріс жүргізу туралы мәселе шешілуде.

Дереккөз: ҚазТАГ

10 шілде 2014, 15:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.