Қалалық әкімдікте білім беру нысандарын оқужылына және алдағы қысқа дайындау бойынша штабтың отырысы өтті. Қалалық білім беру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жанболат СҰЛТАНҒАЛИЕВ баяндама жасады.
Бүгінде орталық жылыту жүйесіне қосылған он мектептің жылу жүйесі қысым арқылы сынақтан өтпеген. Директорларға жөндеуді аяқтап, қысыммен сынауды аяқтауға уақыт белгіленді. Шағын қазандықтармен жылытылатын 53 білім беру нысанына тексеру жасалды. Экономика бөліміне қазандықтарды жөндеуге материалдар алу үшін 23 млн теңгеге сұраным жіберілді.
Бес мектепке (Ф. Оңғарсынова, Қ. Смағұлов, Ф. Досымова, Жамбыл атындағы және Еркінқала ауылындағы мектептер) күрделі жөндеу жүргізу үшін жобалар әзірленуде. Қаланың 15 мектебінде асхана жоқ. Осы мәселені шешу үшін он мектепке қосалқы құрылыс салу жоспарлануда. Сонымен қатар, биыл 34 қала мектебіне мүгедектерге арналған пандус салу қолға алынады. Бұл мақсаттарға 2,8 млн теңге бөлінді.
Жиналысқа қатысқан қала әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВ (суретте) мектептердің дайындығын тұрақты түрде, еш ескертусіз барып тексеріп отыратынын мәлімдеді.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ