Атырау, 13 маусым 05:20
 ашықВ Атырау +30
$ 511.77
€ 593.19
₽ 6.41

РФ үкіметі Байқоңырдан шетелдік зымырандарды ұшыру туралы өкімді бекітті

1 747 рет қаралды

Алматы. 10 шілде. ҚазТАГ – Ресей үкіметі «Байқоңыр» ғарыш айлағынан шетелдік ғарыш аппараттарын ұшыруды қамтамасыз ету туралы өкімді мақұлдады. Тиісті құжат РФ үкіметінің сайтына жарияланған.

«Ресей қорғаныс министрлігі «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Протон-М» зымыран-тасығышы және «Бриз-М» жүрдек блогымен «Ютелсат-9Б» (Франция), «Инмарсат 5Ф2» (Ұлыбритания), «Инмарсат 5Ф3» (Ұлыбритания), «ТүрікСат-4Б» (Түркия) пен «Астра-2Ж» (Люксембург) телекоммуникациялық мақсаттағы ғарыш аппараттарын ұшырудықамтамасыз ету үшін келісімдік негізде ғарыш жүйелері мен әскери мақсаттағы кешендерді пайдаланып, әскери бөлімдердің жеке құрамы тартылсын», - делінген өкімде.

Жоғарыда көрсетілген ғарыш аппараттарының ұшырылуын қамтамасыз етумен тікелей байланысты жұмыстар жүргізіліп жатқан Байқоңырдағы орналасқан нысандарға шетелдік мамандардың кіргізілуі орнатылған тәртіпте жүзеге асырылсын, деп көрсетілген құжатта.

Дереккөз: kaztag.kz

10 шілде 2014, 11:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.