Атырау, 27 қараша 11:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

ХҚКО қолайлы болды

1 867 просмотра

Енді Қазақстанның кез келген қаласында жүріп, жеке басын куәландыратын құжаттарды алуға болады. Бұл үшін тіркелген жерге және нақты мекенжайға қарамастан таяу маңдағы халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) жүгінсе жеткілікті.

- Аты-жөнін ауыстырғанда, құжаттар бүлінгенде, олар жоғалып қалғанда, әрекет ету мерзімі өтіп кеткенде және т.б. жағдайда жеке бас куәлігі мен төлқұжатты рәсімдеу үшін кез келген қаладағы ХҚКО-на баруға болады, - дейді «Атырау облыстық ХҚКО» РМК филиалы директорының орынбасары Ербол СЕРҒАЗИЕВ. - Мұнда өтініш беруші құжаттарын олардың рәсімделген орны бойынша алады. Мәселен, сіз Атырауда тұрасыз, бірақ қазіргі кезде Астанадасыз делік. Жеке бас куәлігін немесе төлқұжатты рәсімдеу үшін үйге бару міндетті емес. Мұны астананың кез келген ХҚКО-нан жасауға болады.

Е. Серғазиев, сондай-ақ, электронды үкіметтің порталында іске қосылған жаңа қызмет туралы әңгімеледі. Азаматтар өз бетінше нақты уақыт режимінде көлік құралын басқаруға сенімхат рәсімдей алады. Мұнда нотариусқа немесе жол полициясының Тіркеу емтихан бөліміне жүгінудің қажеттілігі жоқ. Порталдың тиісті бөліміндегі электронды нұсқаның қажетті алаңдарын толтырса, соның ішінде сенімді тұлғаның ЖИН-ін, мекенжайын, сонымен қатар көлік құралының мемлекеттік нөмірлік белгісі, оның тіркелгендігі туралы куәліктің сериясы мен нөмірін көрсетсе жеткілікті. Бүкіл мәліметтерді енгізгеннен кейін өтінішке электронды-цифрлық қолтаңба қойылады. Сұранымды өңдеу санаулы секундта жүзеге асады. Пайдаланушы дайын сенімхатты қарап, e-gov порталында өзінің жеке кабинеті арқылы басып шығара алады. Қызмет тегін көрсетіледі.

Тамара СУХОМЛИНОВА

10 шілде 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.