Атырау, 1 қазан 20:33
 ашықВ Атырау +11
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

ТМРА басшысы Оспанов параны $100 мың және $200 мыңнан бөліп-бөліп алған – қаржы полициясы

1 381 просмотра

Фото: kazpravda.kzФото: kazpravda.kzАстана. 10 шілде. ҚазТАГ – Бауыржан Мұқанов. ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінің (ТМРА) экс-басшысы Мұрат Оспанов параны $100 мың және $200 мыңнан екіге бөліп алған, деп хабарлады ҚР экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметі.

«Тергеу барысында Оспанов бұған дейін (2014 жылдың маусым басында) 100 мың АҚШ доллар сомасында параның бірінші жартысын алады. Сол себепті Оспановқа 300 мың АҚШ доллар сомасында пара алды деген айып тағылып отыр», - деп көрсетілген қаржы полициясының ҚазТАГ сұрауына берген бейсенбідегі жауабында.

Бұрынырақ Қазақстан қаржы полициясы хабарлағандай, 2014 жылдың шілдесінде қаржылық полиция агенттігінің қызметкерлері $200 мың пара алды деген күдікпен М. Оспановты қолға түсірген болатын. Оған қатысты аса ірі көлемде пара алу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Кейіннен қаржы полициясының М. Оспановқа табиғи монополиялар субъектісіне жәрдемдесушілік және жанашырлық танытқаны үшін $300 мың сомасында пара алды деген айып тағатыны туралы хабары белгілі болды.

Еске сала кетейік, 2014 жылдың 3 шілдесі күні Астана №2 Алматы аудандық соты ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігің төрағасы М. Оспановтың қамауын 2014 жылдың 1 қыркүйегіне дейін санкциялаған еді.

М. Оспанов уақытша қамау абақтысынан тергеу абақтысына ауыстырылды.

Дереккөз: kaztag.kz

10 шілде 2014, 11:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.