Атырау, 27 қараша 11:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Спорт жағы ақсап тұр

2 618 просмотра

Құлсары қаласында спорт саласына жеткілікті назар аударылмай келеді. Спортпен белсенді түрде айналысатын жер таба алмай сандалып жүрген құлсарылықтар осылай деп отыр.

Үш мың орындық жазғы стадион иесіз жатыр, қоршауы құлап, орындықтар сынған, газон тапталған. Ал, 2004 жылы пайдаланылуға берілген дене шынықтыру кешенінің жағдайы оңып тұрған жоқ: жуынатын бөлме жұмыс жасамайды, қыста салқын.

- Балалар арасында спортқа қызығушылық басым. Бірақ, өкінішке орай, спортпен айналысам деп келгендердің бәрін бірдей қабылдау мүмкін емес, себебі кешенде орын жетіспейді. Біз қосымша «Самал» спортзалын ашқанымызбен, ол үйірме де толық, - дейдідене шынықтыру кешенінің директоры Мұрат ЖАРЫЛҒАСОВ.

Орталық кешенінде 600 жасөспірім, «Самал» спортзалында 500 жасөспірім жаттығады.

- Бізде тоғыз үйірме ашылған: дзюдо, қазақша күрес, еркін күрес, бокс, волейбол, баскетбол, футбол, таэквондо, тоғызқұмалақ. Тәжірибелі бапкерлер бар, түрлі жарыстардан алған жетістіктеріміз жетерлік. Жаңа оқу жылы басталарда6-17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында келушілер көбейіп, кешенге сыймайды. Біз орын жетіспегендіктен амалсыз олардан бас тартып жатамыз, - дейді М. Жарылғасов.

Тағы бір мәселе, аудан спортшыларының қаржы жетіспеушілігі салдарынан түрлі жарыстарға бара алмайтындығы. Спорттың тоғыз түрінен жарысқа қатысуға жылына 1,5 млн теңге ғана бөлінеді. 

- Негізі ауданға спорт кешендері қажет. Бұл жөнінде де біздер талай рет мәселе көтердік, - дейді аудандық дене шынықтыру, спорт бөлімінің басшысы Серік РАХЫМБЕРДИЕВ.

Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Нұрадин ӨМІРБАЕВТЫҢ айтуынша, жазғы стадион жуық арада жөнделетін болады. Қаладан 400 орындық спорт кешенінің сметалық жобасын жасауға қаржы бөлінген.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

10 шілде 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.