Атырау, 24 желтоқсан 20:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Сұрақ-жауап

Сұрақ-жауап

Сирек жүретін маршрут

– Біздің Нұрсая ықшамауданы қарқынды дамуда. Бұл жерде бюджет саласы қызметкерлерінің көпшілігі тұрады және бәріміз де Атырау қаласының әр жерінде жұмыс жасаймыз. Балаларымыз Авангард ықшамауданындағы, Сәтпаев даңғылы бойындағы және т.б. мектептерде оқиды. 1 қыркүйекте техникалық гимназияның жаңа ғимараты ашылды, онда да қаланың түрлі нүктесінде тұратын балалар оқиды. Ауданымыздан күн сайын таңертең көлікпен шығып, кері қайту қиынға түседі. Баламды енді маршрутпен мектепке жіберуді жоспарлап отырмын. 21 қыркүйек 2017, 00:00 3 466 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Анықтама тиесілі

 – Күйеуім Теңіз кенішінде жүргізуші болып жұмыс жасайды. 5 баламыз бар. Бір баламыз – мүгедек (жүрегі ауырады). Мен еш жерде жұмыс жасамаймын, балаларымды қараймын. Балаларымның біреуі - бірнеше айлық сәби. Табыс салығы бойынша төлемдерді азайту үшін күйеуім жұмысының есеп бөліміне өтініш берді. Ондағылар әйелінің жұмыс жасамайтыны туралы анықтама сұратып отыр... 1 маусым 2017, 00:00 4 467 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Әр сәбидің өз несібесі бар

– Бір айдан кейін декреттік демалысқа шығамын. Сәбиім тамыздың аяғында дүниеге келуі тиіс. Өзім жеке фирмада жұмыс жасаймын. Осыған байланысты – сәби дүниеге келгенде қандай жәрдемақы тиесілі – тек менің кәсіпорнымнан ба әлде мемлекеттен де жәрдемақы беріле ме? 18 мамыр 2017, 00:00 3 530 рет қаралды
Сұрақ-жауап

ЭКСПО-ға дейін 3 ай бар

Күйеу балам әйелім екеумізге ЭКСПО-ға уақыты белгіленбеген күнге билет тарту етті. Біз көрме күндері Астанаға бара алатындығымызға сенімді емеспіз. Бізге билетті тапсырып, ақшасының белгілі бір пайызын қайтаруға бола ма? Көршілерім бұған тырысудың да қажеті жоқ, зейнеткерлер үшін билеттер қымбат емес, дейді. Ал әйелім екеумізді ақшаның далаға кететіні қынжылтады. 2 наурыз 2017, 00:00 3 340 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Жоғалған адамның мұрасы

– Менің азаматтық некедегі күйеуім 5 жылдан астам уақыт бұрын хабар-ошарсыз жоғалып кетті. Біздің ортақ баламыз бар, ол әке деп танылды. Балам оның фамилиясын алды. Күйеуімнің мүлкі – екі пәтері бар. Бір пәтерде менің жоғалып кеткен күйеуімнің қызы отбасымен, ал екіншісінде оның алыс туыстары тұрады. Бірінші пәтер сату-сатып алу келісімшарты бойынша баламның әкесіне, екіншісі жекешелендіру туралы келісімшарт бойынша оған және оның бірінші некедегі балаларына (ұлы мен қызына) тиесілі. Мен баламның мүліктік үлесін алғым келеді, бірақ оның үлкен балалары мүлікті бөлуге қарсы, мұндай жағдайда қалай әрекет еткен жөн? 3 желтоқсан 2015, 00:00 3 895 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Бәрі де тәртібіне байланысты

- Адам бірінші рет 10 жылға сотталып, соның 5,5 жылын отырып үлгерді. Тәртібі жақсы. Алған мадақтаулары да бар. Ешкіммен жанжалдаспайды. Мекеме режимін бұзбайды. Ешкімге физикалық та, моральдық та зиян келтірмеді. 15 қазан 2015, 00:00 3 598 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Құмар ойындар

- Ұлым құмар ойындармен әуестеніп кетті. Отбасының барлық кірісін букмекерлік кеңселер мен ойын автоматтарына жояды. Жанұясында кейде тамаққа ақша табылмай қалады, ал оның үш баласы және жұмыс жасамайтын әйелі бар. Жақында ол астындағы көлігін ломбардқа салып, кейін кері қайтара алмады, содан кейін пәтерін де сатып, бар ақшаны осы қарғыс атқыр ойынға салды. Бұл отбасымыз үшін үлкен қайғы болды. Маған біреулер оның құқықтарын шектеуге болады, яғни, жалақысын алуға, мүлікті сатуға тыйым салып, бұларды әйелі не анасы жасай алатындай қылуға болады деп кеңес берген. Мұны қалай жасауға болады? - Менің әкем психдиспансерде есепте тұр, сондықтан да нотариус мәмілеге куәлік бере алмайды, түсініктірек айтсам, біз ортақ пәтерімізді сата алмай отырмыз, онда әкемнің де үлесі бар және оның келісімі керек. Біз қазір өте ауыр жағдайда қалдық, сондықтан да бұл пәтерді қалай да сатуымыз керек. Не істеуге болады, кеңес беріңіздерші. 19 ақпан 2015, 00:00 2 540 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Қалдықсыз бөліс

- Біз күйеуіміз екеуміз жас отбасы ретінде мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алғанбыз (күйеуімнің атына). Біздің кәмелеттік жасқа толмаған үш баламыз бар. Күйеуім егер ажырасатын болсақ, менің пәтер үлесін ала алмайтынымды, себебі, пәтер оның атына рәсімделгенін және ол оны менің келісімімсіз-ақ сата алатынын айтады.  12 ақпан 2015, 00:00 2 342 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Теміржолшылар үшін киловатт қымбат

– 2015 жылғы 15 қаңтардағы «АЖ»-ның №3 санында теміржолшылар тұратын ықшамаудандар үшін электр энергиясы тарифін көтеру туралы «Ерекше аймақ» жөнінде ақпарат жарияланды. «Теміржол Энерго» ЖШС тарифтің не себепті қымбаттағанын түсіндірді ме? 5 ақпан 2015, 00:00 3 213 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Жүйе осындай

– Мен басқа жүкті әйелдер секілді есепке тұрғым келген еді. Гинекологқа жолдама жазып беретін терапевт дәрігердің кезегінде 2 сағаттан астам уақыт тұрдым. Ал ол маған бар болғаны кадастрлық нөмірді ғана берді. Келесі күні гинекологқа келдім. Сағат 10.00-де кезекке тұрған кезде менің алдымда 13 әйел тұрды. Мен дәрігерге тек 3 сағаттан кейін кірдім. Әр барған сайын жұмыстан сұранып кетуге тура келеді... 14 қараша 2013, 00:00 2 444 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Нотариуске жолығыңыз

- Қазақстанның басқа облысында тұратын туыстарымның атасы мен немере ағасы (атасының ұлы) бір уақытта бақилық болды. Олардың қайтқаннан кейін арттарында үй, саяжай учаскесі және ақшалай жинақтары қалды. Атаның балаларының ішінен көзі тірісі - жалғыз қызы. Атасымен бірге қайтқан ағаларының әйелі де, балалары да жоқ. Осы атаның немерелері болып табылатын менің туыстарым мұрагер бола ала ма? 11 шілде 2013, 00:00 2 385 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Мұрагерлік және заң бойынша

- Қазақстанның басқа облысында тұратын туыстарымның атасы мен немере ағасы (атасының ұлы) бір уақытта бақилық болды. Олар қайтқаннан кейін арттарында үй, саяжай учаскесі және ақшалай жинақтары қалды. Атаның балаларының ішінен көзі тірісі - жалғыз қызы. Атасымен бірге қайтқан ағаларының әйелі де, балалары да жоқ. Осы атаның немерелері болып табылатын менің туыстарым мұрагер бола ала ма? 27 маусым 2013, 00:00 7 163 рет қаралды
Электронды ажырасу Сұрақ-жауап

Электронды ажырасу

- Біз жұбайым екеуміз Тараздың тумасымыз, сол жерде үйлендік. Қазір әйелім Алматыда жұмыс жасайды, ал мен жұмысыма байланысты уақытша Атырауда тұрып жатырмын. Екеуміз де Таразда тіркелгенбіз. Отбасылық өміріміз үйлеспеді және мен ажырасуға арыз берейін деп едім. Балаларымыз да, бөлісетін мүлігіміз де жоқ. Ажырасу туралы арызды қайда жазам? Мұны Атыраудан жасай беруге бола ма, әлде Таразға баруым керек пе? 13 маусым 2013, 00:00 11 368 рет қаралды
Себет қарын тойдырмайды Сұрақ-жауап

Себет қарын тойдырмайды

– Мен ІІ топ мүгедегімін, жәрдемақы аламын. Әйелім айына 35 мың теңге жалақы табады. Біздің кәмелетке толмаған екі баламыз бар. Бұл ақшаға балаларды өсіру өте қиын. 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы алуға құқылымыз ба? 28 наурыз 2013, 00:00 2 717 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Шетелдіктерге - ақылы

– Құрбым – Молдова елінің азаматшасы, қазір осында жұмыс жасап жүр. Жүкті болғандықтан есепке тұрғысы кеген еді, бірақ емханадағылар шетелдік азаматтарға тек ақылы негізде ғана қызмет көрсетілетінін айтты. Жүкті әйелдер үшін жеңілдік жоқ па? 7 наурыз 2013, 00:00 1 517 рет қаралды
Ажырасу тәртібі Сұрақ-жауап

Ажырасу тәртібі

– Ажырасуды ұйғарған едім, бірақ сотқа қалай арыз жазу керектігін білмеймін. Қандай құжаттар тіркеу керек? Алимент пен мүлікті бөлісуге басқа арыз беру керек пе? Сотта адвокаттарға жүгінуге кеңес берген еді, бірақ олардың қызметтерін төлейтін қаржым жоқ. 26 желтоқсан 2012, 16:59 79 313 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Шетелдіктерге арналған жәрдемақы

– 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ресей, Белоруссия және Қазақстан арасында жасалған Бірыңғай экономикалық кеңістік құру жөніндегі заң күшіне (одан әрі – Заң) енді.  Осы заңға сәйкес Ресей, Белоруссия және Қазақстан азаматтары қайда тұратынын, қай жерде білім алатындығын, еңбек ететіндігін өз еркімен таңдай алады... 11 сәуір 2012, 17:53 2 590 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Бала жұмысқа бөгет болмайды

– Мені кішкентай балам болғандықтан бірнеше мекеме жұмысқа қабылдаудан бас тартты. Жұмыс берушілер жұмыстан жиі қалып қояды және қажет болған жағдайда жұмыстан кейін  жұмыс істеуден бас тартады деп қауіптенеді.  Олардың бұнысы заңды ма? 21 наурыз 2012, 13:50 4 457 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Әйелдерді аялайық!

Жақында менің Миялыда тұратын жүктілік кезеңінің 34-ші аптасындағы туысқанымды  облыстық ауруханаға жіберген екен.  Алайда,  оның медициналық портал бойынша  шақырту арқылы жолдамамен келгеніне қарамастан, оны перзентханаға қабылдамаған. Дәрігер патология бөлімшесінің шамадан тыс толық екендігін, ал, оған алдымен анемиядан  үй жағдайында емделіп, босану мерзімі жақындаған кезде ғана облыстық перзентханаға келуі тиіс екендігін айтқан.  Жүктіліктің үлкен мерзіміндегі әйелді әрлі-берлі  мәжбүрлеп жүргізудің қажеттілігі қанша? 1 ақпан 2012, 21:03 6 059 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Тәубеге келмейтін күйеу

– Менің құрбым ІІ топ мүгедегі (онкологиялық сырқаттан кейін), 17 және 11 жастағы екі баласы бар. Үлкен қызының есту қабілетінде кінәрат бар. Ал баласы неврологиялық сырқатқа шалдыққан. Көп жыл бұрын ол күйеуімен ресми түрде ажырасқан. Бірақ онымен бірге салған үйде бір шаңырақ астында тұруға мәжбүр болып отыр. Бірақ онда балалар тұрады деген шартпен үйді салуға қаржының көп бөлігін құрбымның әпкесі берген еді. Енді бұрынғы күйеуі құрбымды екеуінің ортақ балаларымен бірге үйден қуып отыр. Күйеуін қалай тәубесіне келтірсек екен? Кезінде құрбым алимент алуға арыз берген болатын, бірақ ақыры алимент те ала алмады. Бұрынғы күйеуі жұмыс істемейтінін, сондықтан да балаларына ештеңе бере алмайтынын айтады. 30 қараша 2011, 20:04 2 252 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Есеппен ажырасу

– Әйелім айқай шығарып, баламды алып, шешесінің үйіне кетіп қалды. Ол алимент алу үшін шағымданған, сот болса мән-жайдың анық-қанығына жетпестен, оның талабын қанағаттандырды. Міне, екі ай болды әйелім баламды менен жасырып, екеуміздің кездесуімізге кедергі келтіріп  келеді.  Мен алиментімді адал төлеп отырмын. Бірде... 11 тамыз 2011, 20:28 3 466 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Емдемейді, ескертеді

– Жақында №2 емханадан учаскелік терапевт-дәрігер қоңырау шалып, маған баламыз екеумізге жүрек-қан тамырлары сырқаты бойынша әлдебір скринигтік тексерілуге келуімізді өтінді. Жасым 50-ге келіп қалған менің шақырылуым орынды болғанымен 18-ге жаңа ғана толған баламның жүрегін тексерудің не қажеттілігі бар? 4 тамыз 2011, 23:09 2 368 рет қаралды
Құбырларды тазалауға қаражат қажет емес Сұрақ-жауап

Құбырларды тазалауға қаражат қажет емес

– Біз Тұрғын үй қалашығында Волгоградской көшесі, 10-шы үйде тұрамыз. Бұл ескі, екі қабатты үйлер. Қазір  біздердің өз ПИК-міз жоқ. 3-ші шілде күні тұрғындардың жалпы жиналысында ПИК төрағасының жаңа кандидатурасы ұсынылғанымен оған дауыс көп берілген жоқ. Өйткені ол әйел адам бұрын 2010 жылғы банкротқа ұшыраған ПИК-мізде кассир болып жұмыс істеген азаматша-тұғын. Бұл кісі енді құбырларды шаю үшін 500 теңгеден ақша жинауды талап ете бастады.  28 шілде 2011, 22:33 2 421 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Қорғастағы жайсыздық

- Мен үй салып жатқандықтан Қытайға тауар үшін бара жатқан таныстарымнан ламинат, есік секілді басқа да материалдарға тапсырыс берген едім. Міне, содан бері екі ай өтті, менің таныстарымның тауарлары, оның ішінде менің де тауарларым Қорғаста тұр. Дұрыс рәсімдеу жүргізімегендігінен тауарларды контрабанда есебінде тәркілеу мүмкін деген әңгімелер де айтылып жатыр. Тауар шекарада енді қанша уақытқа дейін тұрады? 23 маусым 2011, 20:02 2 277 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Әлеуметтік жарна болу керек

- Қазір сәби күтіміне байланысты декреттік демалыстамын. Мамыр айында жыл жарым уақыт толады, содан соң жұмысқа шығуға тиіспін. Алайда қазір қайтадан жүкті болдым. Ал басшылық бірнеше ай жұмыс жасап, кейін қайтадан декретке шыққанымды қаламай отыр. Маған тиесілі босанғанға дейінгі және кейінгі төлемдерімді, сондай-ақ егер мен жұмысқа шықсам және шықпаған жағдайда екінші сәбиімнің күтіміне байланысты берілетін жәрдемақыны қалай аламын? 9 наурыз 2011, 21:41 3 297 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Батыр аналарға кедендік жеңілдіктер жоқ

- Мен автокөлікті анамның не әйелімнің немесе ағамның атына сатып ала алам ба? Мұндай жағдайда кедендік рәсімдеуге байланысты проблемалар туындамай ма? Автокөліктерді кедендік рәсімдеу бойынша батыр аналарға қарастырылған жеңілдіктер бар ма? 26 қаңтар 2011, 00:00 2 665 рет қаралды
Сессия кезінде ауыса алады Сұрақ-жауап

Сессия кезінде ауыса алады

- Менің сіңлім агроколледждің 1-ші курсында оқиды. Оқуының ақшасының 50 пайызынан көбін төлеп тастадық. Қазір ол сәбиін күтіп жүр, шілдеде босануы керек. Топ жетекшісі оған бірінші семестрден кейін академиялық демалыс алсын деп отыр. Өйткені оқу жылының ортасында сырттай оқу бөліміне ауысуға рұқсат етілмейді екен.  Оның жүктілігі сабағына әсер етіп жүрген жоқ, сессиясы маусым айында аяқталады. Әр жеке мекеменің өзінің ішкі ережелері бар екенін түсінеміз, алайда мемлекет оның қызметін неліктен реттемейді және осындай мәселелерді неге шешпейді? 12 қаңтар 2011, 00:00 2 954 рет қаралды