- Қазақстанның басқа облысында тұратын туыстарымның атасы мен немере ағасы (атасының ұлы) бір уақытта бақилық болды. Олардың қайтқаннан кейін арттарында үй, саяжай учаскесі және ақшалай жинақтары қалды. Атаның балаларының ішінен көзі тірісі - жалғыз қызы. Атасымен бірге қайтқан ағаларының әйелі де, балалары да жоқ. Осы атаның немерелері болып табылатын менің туыстарым мұрагер бола ала ма?
Шолпан Т.
Сауалға «Слово защиты» адвокаттық конторасының адвокаты Татьяна МОХНАЧЕВА жауап береді:
- Азаматтық заңнамалар мұрагерлікті алудың екі жолын қарастырады: мұрагерлік және заң бойынша. Егер қайтыс болған ата өз мүлкіне мұрагерлік жазып кетпесе, мұрагерлікті қабылдау заң бойынша жүзеге асырылады.
ҚР Азаматтық Кодексінің 1061-бабында заң бойынша алғашқы кезекте тең үлеспен мұрагерлікке құқылы тұлғалар тізімі берілген. Бұл өлген мұра қалдырушының балалары, сондай-ақ, бұған оның ажалынан кейін дүниеге келген балалары да қосылады, жұбайы және ата-аналары. Сонымен қатар, ҚР АК-нің 1061-бабы 2-тармағында алғашқы кезектегі мұрагерлер қатарына мұра берушінің немерелері және оның ұрпақтары да кіреді, олар мұрагерлікке ұсыну құқығы бойынша ие болады.
Мұрагерлікті қабылдауды реттейтін құқық нормаларында «ұсыну құқығы бойынша мұрагерлік алу» деген түсінік бар және ол ҚР АК-ның 1067-бабымен реттеледі. Онда мұрагерлік істі ашпас бұрын көз жұмған мұрагердің үлесі осы Кодекстің 1061-бабы 2-тармағымен, 1062-бабы 2-тармағымен және 1063-бабы 2-тармағымен қарастырылған жағдайларда ұсыну құқы бойынша ұрпақтарына көшеді және тең бөлінеді деп көрсетілген.
Осындай ереже ұсыну бойынша мұрагерлерге, яғни, әкелері мұрагерліктен лайықсыз мұрагер ретінде шеттетілген немерелерге де қолданылады.
Оқырманның сауалынан олардың әкесі 1994 жылы, яғни, әкесі қайтқан жағдайда алғашқы кезектегі басқа мұрагерлермен бірге мұрадан үлес алуға мүмкіндігі бар ұл және мұрагер болып, мұрагерлік істі ашпас бұрын (әкесінің ажалынан бұрын) қайтқанын білдік.
Бұл жағдайда атаның немерелеріне ұсыну құқығы бойынша әкесінің үлесі көшеді және олар ҚР АК-ның 1061-бабы 2-тармағына сәйкес әпкелерімен (атаның қызы) тең үлесте аталарының мұрасын ала алады.
Сонымен қатар, сұрақ қойған оқырманның туыстары ұсыну құқығы бойынша әйелі де, балалары да жоқ ағасының да мұрасын ала алады. Бұл жағдайда олар ұсыну құқығы бойынша екінші кезектегі мұрагерлер болып табылады.
Осы жағдайда туыстар нотариуске мұрагерлік іс ашу туралы өтініш жазып, қажетті құжаттарын ұсынулары керек.