Атырау, 27 желтоқсан 17:56
 ашықВ Атырау -4
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Құбырларды тазалауға қаражат қажет емес

2 332 просмотра

  – Біз Тұрғын үй қалашығында Волгоградской көшесі, 10-шы үйде тұрамыз. Бұл ескі, екі қабатты үйлер. Қазір  біздердің өз ПИК-міз жоқ. 3-ші шілде күні тұрғындардың жалпы жиналысында ПИК төрағасының жаңа кандидатурасы ұсынылғанымен оған дауыс көп берілген жоқ. Өйткені ол әйел адам бұрын 2010 жылғы банкротқа ұшыраған ПИК-мізде кассир болып жұмыс істеген азаматша-тұғын. Бұл кісі енді құбырларды шаю үшін 500 теңгеден ақша жинауды талап ете бастады. 

 

Біз ТКШ бөліміне хабарласқанымызда, ол әйелдің ақыры біздің ПИК төрайымы болып тағайындалғандығын айтты.  Оны  сайлаған кім?  Менің түсінігімше, төраға сайлау тұрғындардың жалпы жиналысының билігінде емес пе?! Жалпы бізге штатында төраға мен кассирі ғана бар ПИК-тің қажеті қанша? Және білейін дегенім, әкімідіктің ПИК төрағасын сайлауға қандай да бір қатысы бар ма? Олар құбырларды шаю үшін  ақша жинауға құқылы ма?

Телефон арқылы

Қалалық ПИК ассоциациясының төрағасы Асылбек МҮЛІКОВ: «Иә, шынында да 3 шілде күні тұрғындардың жалпы жиналысы болды. Сол жиналыста олар ПИК төрағасын сайлау керек болатын. Алайда, қатысушылар санының  жетіспеушілігі салдарынан ПИК төрағасының кандидатурасы әлі бекітіле қойған жоқ».

Қала әкімінің ТКШ мәселелері жөніндегі орынбасары Әділбек НҰРЛЫҒОЖИЕВ: «Құбырларды шаю үшін ақша жинауға ешкім де құқылы емес. Бәлкім әңгіме жылу жүйесін жөндеу туралы болып отырған болар, бірақ, оның өзі де жалпы жиналыста шешілуі тиіс. Сондай-ақ, ПИК төрағасының жинайтын ақша мөлшерін белгілеуге де құқығы жоқ, ол мәселе де тұрғындардың жалпы жиналысында қаралады. ПИК төрағасын таңдап, тағайындауға қалалық әкімдіктің ешқандай қатысы жоқ».

28 шілде 2011, 22:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.