Атырау, 25 желтоқсан 13:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Сирек жүретін маршрут

3 293 просмотра

Біздің Нұрсая ықшамауданы қарқынды дамуда. Бұл жерде бюджет саласы қызметкерлерінің көпшілігі тұрады және бәріміз де Атырау қаласының әр жерінде жұмыс жасаймыз. Балаларымыз Авангард ықшамауданындағы, Сәтпаев даңғылы бойындағы және т.б. мектептерде оқиды. 1 қыркүйекте техникалық гимназияның жаңа ғимараты ашылды, онда да қаланың түрлі нүктесінде тұратын балалар оқиды. Ауданымыздан күн сайын таңертең көлікпен шығып, кері қайту қиынға түседі. Баламды енді маршрутпен мектепке жіберуді жоспарлап отырмын. Айтыңыздаршы, бұл бағытта қандай маршруттар қызмет етеді? Маршрутқа күн сайын қанша және қандай сыйымдылықтағы автобустар шығады? Олар қандай кестемен жұмыс жасайды? Күзгі-қысқы маусымда маршрутымыздағы автобустардың кешкі сағат 7-лерде тоқтап қалатынын білемін. Нұрсая бағытына жүретін маршруттар мен автобустардың саны көбейе ме? Бұлар қандай маршруттар болады: «Авангард - Нұрсая», «Нұрсая – Стройконтора» және т.б. бола ма? Маршруттардағы кондукторлар ересек көрінесіңдер деп, оқушылардан жол жүру ақысын талап етеді. Балалардың мектеп формасын кигені және сөмкелерінде дәптерлер мен оқулықтар бар екені кондукторларға дәлел емес. Мұндай жағдайда не істеуге болады, қайда шағымдану керек? БАҚ беттерінде қоғамдық көлікті дамыту тұжырымдамасы қажет екені туралы ақпарат әлденеше рет пайда болды. Алайда жұмыстардың нақты басталу уақыты аталмады. Бұл жұмыстар қашан басталады, оларды кім жүргізеді?

azh.kz сайтынан

Сұраққа Атырау қаласы әкімінің орынбасары Полымбет ХАСАНОВ жауап берді:

– Нұрсая ықшамауданына тек бір маршрут - «Айс Транс Холдинг» ЖШС-нің №4 «Нұрсая – Теміржол вокзалы» маршруты қызмет көрсетеді. Күн сайын маршрутқа 10-15 автобус шығады. Автобустар сағат 6.00-ден 23.00-ге дейін жүреді. Кейде жүргізушілер маршруттан ертерек кетіп қалады, біз бұл туралы білеміз. Тасымалдаушылар тарапынан мұндай заң бұзушылық туындаған кезде біз түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, автобустың рейске шықпауына негізгі себептерді анықтаймыз. Өйткені, күзгі-қысқы маусымда ауа-райына және қолданыстағы автобустардың тозуына байланысты автобустардың техникалық бұзылуы орын алып жатады.

Қалалық ТКШ, жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары бөлімі мен тасымалдаушылар арасында жасалған қолданыстағы шартқа сәйкес, жолаушыларға арналған жеңілдіктер бар. Сабақ кезінде 17 жасқа дейінгі оқушыларға тек сабақ кезінде тегін жүру қарастырылған. Кондукторлар сабақ кезінде оқушылардан жол жүру ақысын төлеуді талап еткен жағдайда «Смарт Атырау» орталық диспетчерлік қызметінің қауырт желісіндегі 8 (7122) 75-57-57 нөміріне хабарлауды өтінеміз. Атыраудағы қоғамдық көліктің тұжырымдамасын әзірлеуге келер болсақ, бұл жұмыстар басталып кетті. Бұл жобаны әзірлеу мерзімі 2017 жылдың 20 шілдесі мен 20 қазаны аралығы. Бұл жобаны әзірлеуді Л.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол академиясының ғалымдары жүзеге асыруда. Атырау қаласында жалпы қолданыстағы жолаушылар көлігін және көлік инфрақұрылымын дамытудың негізгі міндеті – жолаушылар көлігінің маршруттық желісін кеңейту және оңтайландыру, пайдалану жылдамдығын және жалпы қолданыстағы жолаушылар көлігі қозғалысының жүйелілік деңгейін арттыру, шалғай аудандарға жүретін көліктерді көбейту, жолақыны төлеу жүйесін жетілдіру. Осы тұжырымдаманы әзірлеу аяқталғаннан кейін әлеуметтік мақсаттағы рентабельді және рентабельді емес маршруттар анықталып, маршруттар желісі сызбасындағы өзгерістер, сонымен қатар, қаланың қоғамдық көлігін дамытуға қатысты басқа мәселелер қаралатын болады.

21 қыркүйек 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.