Атырау, 23 желтоқсан 08:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Экология

Атырау шынымен де жасыл баққа айнала ма? Экология

Атырау шынымен де жасыл баққа айнала ма?

Корей ғалымдарының көгалдандыру жобасы әлі күнге дейін атыраулықтарды бей-жай қалдырып отырған жоқ. Редакцияға келіп пікір айтушылар көп. Олардың арасында мамандар да бар. Біз олардың өзіне сөз бергенді жөн көрдік. 16 маусым 2011, 16:50 11 144 рет қаралды
Шеврон шаттанып жатса, Теңізде жер сілкінуде Экология

Шеврон шаттанып жатса, Теңізде жер сілкінуде

25 мамырда Калифорнияда американдық Сан-Рамон қаласындағы «Шеврон» компаниясының штаб-пәтерінде жыл сайынғы акционерлер отырысы болып өтті. Онда ымыраға келмейтін «Шевронның» қарсыласы халықаралық экологиялық Crude Accountability ұйымы Батыс Қазақстандағы қоршаған ортаның ластануы жөніндегі мәселені көтеруге тырысып бақты. 9 маусым 2011, 16:27 9 978 рет қаралды
Шырайгүл – Атыраудың шырайы Экология

Шырайгүл – Атыраудың шырайы

- «Осы гүлзарлар мен қыш құмыралардың жанынан өтіп бара жатып, көлігімді тоқтатып, өзіме етене боп кеткен олардың қалай жайқалып өсіп тұрғанын келіп көру үшін өзімді зорға ұстаймын. Бәлкім бұл күлкілі шығар, бірақ мені олармен әлдене байланыстырып тұрғандай сезінемін. Өйткені әрбір гүл өз қолымнан өтті ғой, - дейді ол тазартылып, әлі гүл егілмеген гүлзарларға көз тастап. Айтпақшы, таныс болыңыздар, Лола КЕНЖЕМҰРАТОВА – Атыраудағы көгалды алаңдарға гүлдерді жеткізуші бас маман. 11 мамыр 2011, 21:26 12 633 рет қаралды
Жұлдызқұрттардың жоғалуында гәп бар, немесе Атырауды метасеквойя құтқарады Экология

Жұлдызқұрттардың жоғалуында гәп бар, немесе Атырауды метасеквойя құтқарады

Атыраудағы көгалдандырудың кешенді бағдарламасы туралы мақала жарық көргеннен кейін («АЖ» №16,  21-сәуір 2011 ж. - «Көгалдандыру бағдарламасы түнгі ауаны тазарта ала ма?») редакцияға түрлі сұрақтар мен күмәнді ескертулер айтылған қоңыраулар көптеп соғылды. Жасыл-желекке малынған Атырау туралы арманға бей-жай қарағандар кемде-кем шығар. Алайда, көгалдандыру бағдарламасы авторларының пікірінше, бұл аз. Ең бастысы - әрекет ету қажет. 4 мамыр 2011, 16:32 6 365 рет қаралды
Оралды су басып жатыр, Атырау қаңсып жатыр Экология

Оралды су басып жатыр, Атырау қаңсып жатыр

Орал қаласында су тасып, апат орын алды. Ал Атырау облысында соңғы жылдары су тасыса қуанатын болды. Бірер күннен соң ауыл шаруашылығының жерлері мен жайылымдарды суаратын арналар толмастан, көтерілген су қайтып, арнасына түспек. 27 сәуір 2011, 19:22 4 913 рет қаралды
Экология

Көршіге көмек және жыларман қылған жалақы

Облыстық мәслихаттың сессиясында депутаттар төтенше жағдайларды жоюға бөлінген облыс бюджетіндегі 100 млн. теңгені су тасқынынан зардап шеккен Батыс Қазақстан облысының бюджетіне беруге дауыс берді. 27 сәуір 2011, 19:30 3 669 рет қаралды
«Біреулер маған  өздерін танымасам да «мен сіздің оқушыңызбын» дейді. Экология

«Біреулер маған өздерін танымасам да «мен сіздің оқушыңызбын» дейді.

«АЖ» газетінде «Академик Диаров: “Атырау шетелдіктер үшін вахта болса, біз үшін үй” деген мақала жарияланғаннан кейін «АЖ» сайтындағы біздің оқырмандарымыздың коментарийлерімен танысқан Мұфтах Диаров солардың кейбіріне жауап бермекші болды. 27 сәуір 2011, 19:34 4 225 рет қаралды
Көгалдандыру бағдарламасы түнгі ауаны тазарта ала ма? Экология

Көгалдандыру бағдарламасы түнгі ауаны тазарта ала ма?

- 50-жылдары Атырауда ботаникалық бақша болған. Ал сіздерде өсімдік атаулының бүліну процесі өткен ғасырдың 70-жылдары басталыпты. Осы мәліметтерді біз сіздердегі облыстық мұражайдан таптық, - дейді Атырауды көгалдандыру бағдарламасын жүзеге асыратын «Евростандарт GmbH» компаниясының өкілдері. Өткен жұма күні облыстық әкімдікте осы бағдарламаның таныстырылымы болып өткен еді. 20 сәуір 2011, 19:37 11 122 рет қаралды
Экология

Өлке табиғаты өгей баланың күйін кешіп тұр

Жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындар экологиялық жоспарларды өндірістік қызметтерін әрі қарай жалғастыруға рұқсат құжаттарын алу үшін ғана жасақтайды. Бұл- жақын арада облыстық әкімдікте өткен кеңеске қатысушылардың ортақ пікірлері болып отыр. 13 сәуір 2011, 19:48 4 228 рет қаралды
Академик Диаров: «Атырау шетелдіктер үшін вахта болса, біз үшін  үй» Экология

Академик Диаров: «Атырау шетелдіктер үшін вахта болса, біз үшін үй»

Қазақ геологтарының қара шаңырағының негізін салушылардың бірі, ҰҒА академигі, аймақтық экологиялық проблемалар ғылыми орталығының директоры  Мұфтах Диарұлы ДИАРОВТЫ ежіктеп елге таныстырудың қажеті шамалы. 13 сәуір 2011, 21:07 5 135 рет қаралды
Экология

Жаңбыр туралы аңыз

немесе жапондық радиация Қазақстанға қауіпті ме? Жапониядағы атом электр станциясының жарылысынан кейін көп жерде қауіпсіздік шараларын алу қажеттігі ескертілгені рас. Осыған байланысты Атырауда да наурыздың 18-і күні жауған жаңбыр құрамында радиация бар деген үрейлі хабар құлағымызға жетіп еді. Бұл ақпардың қаншалықты ақиқат екендігін тексеруге кірістік. 30 наурыз 2011, 17:03 9 610 рет қаралды
Каспий қасіреті Экология

Каспий қасіреті

15 наурызда жұртшылықтың наразылық білдіргеніне қарамастан Солтүстік-Каспий экологиялық мұнай төгіндісіне әрекет ету базасын салудың қоршаған ортаға әсер етуін бағалау жөнінде қоғамдық тыңдау өткізілді. Осы жобаның төңірегінде талқыланып жатқан қызу пікірлер толастар емес. Жергілікті жұртшылық базаны аймақ экологиясына тікелей қауіпті десе, ал тапсырыс беруші мен мердігер бірауыздан мемлекет қазынасына қомақты қаржы түседі деп дәмелендіріп отыр. 17 наурыз 2011, 17:48 8 689 рет қаралды
Көктемгі балық аулау маусымы болады! Экология

Көктемгі балық аулау маусымы болады!

- деп мәлімдеді атыраулық балықшыларға облыс әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВ. Алайда өткен жылы «Ерекше қорғалатын аумақтар туралы» ҚР заңына енгізілген түзетулердің салдарынан Бас прокуратура көктемдегі балық аулау маусымына тыйым салған болатын. Қара балық аулайтын балықшылардың торына жоғалу қаупінде тұрған бекіре тұқымдас балықтардың сөзсіз түсетіндігі тыйым салу үшін негіз болды. 16 наурыз 2011, 22:51 9 306 рет қаралды
Теңіз: жер қыртысы жылына бес сантиметрге көтеріледі Экология

Теңіз: жер қыртысы жылына бес сантиметрге көтеріледі

Өткен аптада «АЖ» бірінші боп хабарлаған Теңіздегі орын алған жер сілкінісі туралы ақпарат («Теңізде 4,1 баллдық жер сілкінісі орын алды») жауапты мемлекеттік органдарды абыржытып тастаған секілді. 3 наурыз 2011, 01:04 8 697 рет қаралды
Теңізде 4,1 баллдық жер сілкінісі орын алды Экология

Теңізде 4,1 баллдық жер сілкінісі орын алды

21-ші ақпанда Теңіз кенішінің аумағында жер асты дүмпуі болған. Батыс Қазақстандағы жерасты дүмпуі туралы ақпарат алдымен ресейлік және шетелдік сайттарда пайда болды. Қазақстандық сайттарда бұған қатысты әзірге ештеңе айтылмайды. Ал облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментке хабарласу мүлдем мүмкін болмады. Баспасөз хатшысы ауырып қалған, ал оның орнын алмастырған қызметкердің телефоны жауап бермеді. 24 ақпан 2011, 00:00 5 011 рет қаралды
Кореялық ғалымдар Атырауды жасыл-желекпен көмкеруге болатындығын дәлелдеді Экология

Кореялық ғалымдар Атырауды жасыл-желекпен көмкеруге болатындығын дәлелдеді

Облыстық әкімдікте «Атырау-жасыл қала» тұжырымдамасын таныстыру рәсімі өтті. Өткен жылғы Корея Республикасындағы Қазақстан жылдарының аясында облыстық әкімдік пен Корея елшілігі арасында корейлік мамандардың Атырау қаласын көгалдандыру тұжырымдамасын жасақтайтындығы жөніндегі келісімге келген болатын. Топырақ пен өсімдіктерді зерттеумен ғалымдар Чу Ён Гю және Алекс Хон айналысты. Олар тұжырымдаманы сый ретінде тегін жасады. 10 ақпан 2011, 00:00 7 069 рет қаралды
Фёдор Сараев: «Сахараға көзсіз ғашықпын» Экология

Фёдор Сараев: «Сахараға көзсіз ғашықпын»

…Мен шөпке қисая кеттім. Көз алдымда қарсақтың үш күшігі ойнап жүрді. Біреуі, шамасы ішіндегі әуесқұмары шығар, менімен танысқысы келді. Бүйірлеп, жайлап жылыстап, жақындап келеді. Біресе желге мұрнын көтереді, бiресе құлақтарын қысады, ал өзі сабырсыздықтан қыңсылап қояды. Ол үшін адам жаңа, жұмбақ құбылыс. Ал масалар, денемнің ашық жерлеріндегі әр саңылауға қонып алып, суаттан су ішкен түйе секілді, қанымды сорып жатыр... Мен болсам жануарды үркітіп алмайын деп, қозғалуға қорқып отырмын.  Мұның бәрі бос далбаса еді! – деп, саяхатшы бетіне түскен ақ шашын қағып жіберіп, сөзін жалғастырды. - Әлгі күшік менің кроссовкамды иіскелеп тұрды. Елестетіп көріңізші! Жап-жақын жерден! Сәттілік деп осыны айт! Мен тек «Зениттің» түймесін басып қана үлгердім... 3 ақпан 2011, 00:00 8 972 рет қаралды
Экология

Экологтар 14 миллионның қайда кеткенін түсінбеді

Ғабдол Сланов атындағы жаңа кітапхана ғимаратында (әуежай жақта) «Жоғары антропогендік әсер жағдайында Солтүстік- Шығыс Каспийдің жануарлар дүниесінің  жай-күйін зерттеу» қорытындыларын талқылау жөнінде дөңгелек үстел болып өтті. 2 ақпан 2011, 00:00 4 421 рет қаралды
"Жасылдар" билікпен соттаспақшы Экология

"Жасылдар" билікпен соттаспақшы

Қаладағы қоғамдық ұйымдар өз күштерін біріктіріп, өткен жылдың қарашасында қоғамдық тыңдауда ұсынылған мұнай төгінділеріне қарсы әрекет ететін базаны (МТӘБ) салу жобасын мұқият талдаған болатын («АЖ» №47, «Жайық пен халықты құрбандыққа шалған жоба»). ҮЕҰ тәуелсіз сарапшыларды тартып, осы жобаға қоғамдық экологиялық сараптама жүргізген еді. Бұл жалпы бізде алғаш рет өткізіліп отыр. Қоғамдық сараптаманың қорытындысы ұлттық және халықаралық заңнама бойынша анықталған заң бұзушылықтар санының көптігімен алаңдатып отыр. Таяуда үкіметтік емес ұйымдар өкілдері осыған қатысты баспасөз конференциясын өткізген еді. 12 қаңтар 2011, 00:00 6 087 рет қаралды
Ірі табиғат пайдаланушыларының уәделері тағы қағаз жүзінде қалды   Экология

Ірі табиғат пайдаланушыларының уәделері тағы қағаз жүзінде қалды

Жуырда Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мұнайгаз саласындағы ірі жер пайдаланушыларға қатысты табиғатты қорғау және олардың ісіндегі заң бұзушылықтар  жөніндегі зерттеуін жария етті. Олардың арасында біздің облысымыздағы ТШО, North Caspian Operating Company, Қазтрансойл, АМӨЗ, Ембімұнайгаз компанияларымен қатар «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ аттары аталады. Әрине, президент айтқандай мұнай мен газ біздің де шаруамыз емес, бірақ сол жердің ауасын жұтып отырғандар нақты жағдайдан хабары болуы керек деп санаймыз. 23 желтоқсан 2010, 00:00 10 912 рет қаралды
АМӨЗ-ге айыппұл салынды Экология

АМӨЗ-ге айыппұл салынды

Атырау мұнай өңдеу зауыты каналды бүлдіріп қоймай, оның айналасынан шұңқырлар қазып, оларға мұнай өнімдерінің қалдықтарын заңсыз төгіп отырған. «АЖ» журналистері қазанның 14-і күні «АМӨЗ» ЖШС маңындағы 66-шы зонаға барар жолдағы мұнайға толған канал жайлы бірнеше рет жазған болатын («АЖ» № №42, №43 «АМӨЗ» каналды бүлдірді», «Зертхана бар, зерделі талдау жоқ»). Кейін «АМӨЗ» ЖШС-іне тексеру жүргізген экология инспекторлары каналдағы судың мұнай өнімдерінің қалдықтарымен ластанғанын анықтап, жалпы сомасы 54 116 135 теңгені құрайтын кінәрат тағып, айыппұл салды. 2 желтоқсан 2010, 00:00 5 522 рет қаралды
«Светлана» маңы – улы газ  шоғырланған аудан Экология

«Светлана» маңы – улы газ шоғырланған аудан

Ғалымдар Атырау қаласының экологиялық төлқұжатын жасауға кірісті. Жобаға тапсырыс беруші – «Атырау МӨЗ» ЖШС, мердігері – «Атмосфералық ауаны қорғау республикалық ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС. Жұмыс облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының құзырымен жүргізілуде. 1 желтоқсан 2010, 00:00 5 406 рет қаралды
Жайық пен халықты құрбандыққа  шалған жоба Экология

Жайық пен халықты құрбандыққа шалған жоба

Қарашаның 19-ы күні Атырауда Жайық өзені сағасында мұнай төгінділерін жинайтын экологиялық базаны орналастырудың қоршаған ортаға зияны әсерін алдын ала  анықтау жөніндегі қоғамдық тыңдау өтті. «Қазмұнайгаздың» бұл мәселені көтеріп келе жатқанына бес жылдай уақыт болды. О бастан-ақ базаны Дамбы поселкесі аумағындағы Жайық сағасынан салу көзделген болатын. Ал ол «Ақ Жайық» табиғи қорығына жақын. Ал бұл қорықты итбалық пен қызылбалықтың сан түрлері, жүздеген құстар мекен етеді. Мұнай төгінділерін жинауға арналған база балықтардың, соның ішінде  президент күні кеше Бакуде мораторий жариялауға ұсыныс айтып отырған қызылбалықтардың  уылдырық шашатын жері. 1 желтоқсан 2010, 00:00 6 100 рет қаралды