Атырау, 26 қараша 16:49
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Шырайгүл – Атыраудың шырайы

11 890 просмотра

«Осы гүлзарлар мен қыш құмыралардың жанынан өтіп бара жатып, көлігімді тоқтатып, өзіме етене боп кеткен олардың қалай жайқалып өсіп тұрғанын келіп көру үшін өзімді зорға ұстаймын. Бәлкім бұл күлкілі шығар, бірақ мені олармен әлдене байланыстырып тұрғандай сезінемін. Өйткені әрбір гүл өз қолымнан өтті ғой, - дейді ол тазартылып, әлі гүл егілмеген гүлзарларға көз тастап. Айтпақшы, таныс болыңыздар, Лола КЕНЖЕМҰРАТОВА – Атыраудағы көгалды алаңдарға гүлдерді жеткізуші бас маман.

Кешікпей қаламызға көрік беретін гүлдердің қайда және қалай өсірілетінін көру үшін алысқа, далаға шығуға тура келді. Іздеген жылыжай Тасқала селосының сырт жағындағы Левая Нижняя Перетаска маңында орналасқан екен.

Сөйтіп гүлдер әлеміне аяқ бастым. Сыртта бесқонақтың желі ұйтқып тұр, ал жылыжайда жайлылық пен тыныштық орнаған. Осы орынжайдың төбесі күн көзін жақсы өткізеді. Ал бүкіл аумақтан музыканың баяу дыбысы естіледі. Бұл жаңа ғана гүл атқан шырайгүлдің нәзік хош иісімен үндескенде, тамаша атмосфераға бөленеді екен.

Сол уақытта жылыжайда жұмыс жасап жатқан бірер жұмысшы кенеттен сап ете түскен өз басшылары мен тілшіге мән бере қоймады. Бүкірейіп, өз істерімен шұғылданып, гүлдерді баптап жатқан жігіттер сырт әлемнен тысқары күйді бастан кешіп жатқандай көрінді. «Бұл өте қиын әрі көп тер төгуді қажет ететін жұмыс, - деп түсіндірді Лола. – Оларға кедергі келтірмейік. Жүріңіз, мен сізге бүгін гүл жарған гүлдерді көрсетейін. Бірінші партияны беріп жібергеніміз өкінішті. Ол 9-мамыр мерекесіне орай Жеңіс бағын безендірген еді».

Голландиялық шырайгүлдің тұқымы көктемге дейін сатылып алынады. Ал топыраққа қақаған қыста, қаңтар айында егіледі. Шырайгүлдің тұқымы өте ұзақ өніп, көктейді. Бұл уақытта оны үнемі қопсытып, қажетті қоспалармен тыңайтылған суды құйып тұру керек. Ал наурызда өте кішкентай өскіндерді жеке стакандарға сиретіп отырғызады. Жалпы, ұшы-қиыры жоқ жұмыс.

- Голландиялық гүлдер біздің климатқа қалай бейімделген?

- Осынау салмақты проблема үшін біраз тер төгуге тура келді. Тіпті терезесінің алдына гүл өсіретін қарапайым әуесқойлардың өзі кез-келген өсімдік үшін ерекше күтім керек екенін жақсы біледі. 40 градус ыстықта, сортаң топырақта әрі уақытында суарылмаса, мұндай жағдайда қандай гүл өседі? Бір жылдары қаладағы гүлзарларға барқыт гүлінің көшетін еккен едік, бұл өте әдемі гүл. Бірақ, өкінішке орай, ол көңілімізді қалдырып, жаз ортасында қурай бастады. Ал біз қолайсыз жағдайда қалдық. Өйткені Атырау ең әдемі қала болу керек қой, солай емес пе? Сондықтан біз жаңа, әмбебап гүлді іздей бастадық. Сөйтіп шырайгүлді таптық. Осы голландиялық гүлдің атыраулық гүлге айналғанына көп болды. Осы әсем гүл бүкіл жаз бойына және күн суытқанша ашық реңді, әдемі күйінде қалады. Оның құпиясы неде? Бұл туралы бірде-бір агроном бөліспейді. Бірақ, бұл үшін талай асулардан асып, дүние жүзін аралап, ұлы гүл өсіруші-селекционерлердің құпияларын шешуімізге тура келді.

- Қала үшін қанша гүл отырғызасыздар?

- Сегіз жүз мың тұқым шамасында. Бірақ оның жартысынан азы ғана жерсінеді. Осы жерде менің жылыжайымның 12 сотық жерінде – үш жүз мың шырайгүл түбірі бар. Мұнда табиғи сұрыпталу секілді процесс өтеді. Тұқымдар өніп-өседі де, жартысынан аз бөлігі тірі қалады. Бірақ өніп шыққандары ең жақсы гүлдерге айналады. Биылғы жылы біз шырайгүлдің жеті реңді – қызғылт, ақ, күрең, күлгін, қызыл, көк және жұлдыз ағар деп аталатын түрлерін отырғыздық.

Гүлдерден басқа Лола бұталар да өсіреді екен. Атап айтқанда, боз аршаны. Бәлкім, сіздер қала көгалдарынан өзгеше күңгірт-жасыл түсті күлтеленген бұтаны көрген боларсыздар. Бұл сол боз арша. «Өткен жылы азғана тәжірибе жасап,, осы жердегі боз аршаның тұқымын алып отырғызған едім. Әдеттегідей боз арша боп өспеді. Ол голландиялық аршадан қатты ерекшеленеді. Жергілікті боз арша бұтағы жан-жаққа жайылып келген. Ал голландиялық боз арша анағұрлым жинақы боп келеді. Осы жазда боз арша көгалдарға отырғызылатын болады».

Анастасия ПАСТУХОВА

Биыл көгалдар мен гүлзарлар Сәтбаев-Пушкин көшелерінің, Махамбет көшесі-Азаттық даңғылының, Сәтбаев-Құрманғазы көшелерінің (әуежайға баратын жолдағы жол айрықтары) қиылыстарын, Орал-Атырау трассасына шығатын Тайманов көшесін, Махамбет-Исатай алаңын безендірмек. Қаланы абаттандыру және көгалдандыру жұмыстармен биыл «Арнаулы автобаза» КМК емес, «Мұнай Құрылыс Сервис» ЖШС айналысады.

Суреттерді түсірген автор

11 мамыр 2011, 21:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.