«АЖ» газетіне «Аджип» компаниясының бөлімшелерінің бірінде жұмыс істейтін танысымен қызықты әңгіме айтқан қала тұрғынынан хат келіп түсті.
Бастапқыда қашағандық мұнайды алғашқы тазарту теңіз аралдарында жүргізіледі, содан кейін ғана әрі қарай «Болашақ» мұнай және газды кешенді дайындау қондырғысында (МжГКДҚ) өңдеу үшін тұрба құбырлары арқылы тасымалданады деп жорамалданған болатын. Біздің оқырманымыздың сұхбаттасушысы уақыттың тығыздығынан теңіз аралдарында бастапқы тазарту процестерін тікелей «Болашақ» зауытында жүзеге асыру ұйғарылғанын сенімді түрде айтқан.
«Менің түсінуімше, күкіртсутекке қаныққан лас мұнай тікелей Атырауға жақын жерден өңделетін болғаны ғой. Бұл туралы жұртшылық білуі тиіс!», - деп жазады оқырман.
Алдымен, осы жағдайды анықтап алмас бұрын, жоба акционерлерінің қатарында Ұлттық «ҚазМұнайГаз» компаниясы бар екенін атап өткен жөн. Қашағандағы алғашқы мұнайды өңдеу мерзімін тездетуді қазақстандық тарап талап етіп отыр. Ал «НКОК» консорциумының қалған мүшелері Мексика бұғазындағы ВР ұңғымасындағы апаттан соң жобаның технологиялық қиыншылықтары және 2017-2018 жылдарға дейін белсенді өңдеу фазасын жылжытуды талап ететін қатер болу мүмкіндігі туралы мәлімдеген еді. Алайда қазақстандық тарап талабының нәтижесінде Қашағандағы алғашқы мұнай 2012 жылдың желтоқсанында өндіріліп алынады деп күтілуде.
Шетелдік фирмалармен байланысудың қалыптасқан дәстүрі бойынша, «NCOC» консорциумына сауал жолдадым. «НКОК» компаниясының мүдделес тараптармен жұмыс жөніндегі бас менеджері Филипп ШАРЛЕЗ былай деп жауап берді: «1-Кезеңді жүзеге асыру барысында кері айдауға келмейтін қышқыл газ, сондай-ақ тазартылмаған мұнай мен су (өзім белгіледім – Л.С.) теңіз кеніші нысандарынан (Д аралы) тұрба құбыры бойымен нарықта өткізу үшін мұнайды тауарлық сапаға сай дайындау жұмысы жүзеге асырылады деп жоспарланып отырған «Болашақ» зауытына өңдеуге жіберілетін болады.
Зауытта дайындалған мұнайды сақтауға арналған қойма орынжайы мен күкіртті уақытша сақтау үшін алаңдар қарастырылған.
«Болашақ» зауытының қуаттылығы тәулігіне 450 000 баррель мұнай мен жылына 4,4 млрд. текше метр газды құрайтын болады»
Оқырмандар мұнай өндірудің технологиялық тізбегін және мұнайды теңіздегі Қашаған кенішінде өңдеуді елестете алуы үшін консорциумның www.ncoc.kz сайтының «Даму стратегиясы» деп аталатын бөлімшесіне көз жүгіртейік.
«….Cолтүстік Каспийдегі судың тайыздығы мен қыстың суықтығы салдарынан темір-бетон құрылымдары мен теңіз түбінде орнатылатын өздігінен көтеретін платформалар сияқты дәстүрлі бұрғылау және өндіру технологияларын пайдалану мүмкін болмай отыр. Оларды қыстың күрделі жағдайларынан және мұз сеңдерінен қорғауды қамтамасыз ету үшін теңіз құрылыстары жасанды аралдардың үстіне орнатылуда. Аралдардың екі түрі көзделген: қызметкерлері жоқ шағын «бұрғылау» аралдары және қызмет көрсететін қызметкерлері бар үлкен «технологиялық кешендері бар аралдар» (ЈТК). Көмірсутегілер бұрғылау аралдарынан құбыр желілері арқылы ЈТК-ге айдалады. JТК аралдарында шикі газдың құрамынан сұйық фаза (мұнай мен су) айыруға арналған технологиялық қондырғылар, газ айдауға арналған қондырғылар және энергетикалық жүйелер болады.
І кезеңде өндірілген газдың барлық көлемінің шамамен жартысы жер қойнауына кері айдалады (өзім белгіледім – Л.С.). Айырылған флюидтер мен шикі газ құбыр желілері арқылы жағаға, атап айтқанда Атырау облысындағы мұнайды тауарлық сапаға сай дайындау жұмысы жүзеге асырылады деп жоспарланып отырған «Болашақ» мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысына (МГКДҚ) жіберіледі. Газдың біраз көлемі электр энергиясын өндіруде пайдалану үшін теңіз кешеніне кері тасымалданады, ал газдың тағы бір бөлігі зауыттың қажеттіліктері мен электр энергиясын өндіру үшін жерүсті кешенінде пайдаланылатын болады» (цитатаның соңы).
Бастысы, жобаның тұжырымдамасына сәйкес, құрлықтағы нысандарда шикі газды күкіртсутектен тазарту мен күкірт өндіру жүзеге асырылмауы тиіс. Күкірт қоспасынан шикі мұнайды тазарту мен толық тұрақтандыру теңіз аралдарында жүргізілмек, ал құрлық кешенінде тек тұзсыздандыру мен меркаптандарды жою ғана жүзеге асырылатын болады деп жобаланған. Шарлездің жауабында шикі газды бастапқы айдау туралы ештеңе айтылмағандықтан, оқырманның қаупі негізді болғаны ма?!
Академик Муфтах ДИАРОВ және танымал эколог Махамбет ХАКИМОВ оқырманның хатында әңгіме бірінші кезең туралы - кен орынын тәжірибелі-өнеркәсіпті игеру туралы болып отырғандығын айтады. Алынған мұнайлы шикі газды қайтадан жер қойнауына 50 пайыздан бастап 90 пайызға бірінші кезеңнің аяғына дейін ішінара айдауды жобалайды. Және тек Игерудің соңғы кезеңі деп аталатын екінші кезеңде ғана шикі газ толығымен жер қойнауына енеді. Жобаны жасақтаушының келтіріп отырған дәлелі: күкіртсутегі болмаса, күкірт те болмайды.
- Менің мәліметтерім бойынша, олар шикі газды айдау жөніндегі жобаны жасақтауға үлгермейді, осыған байланысты барлық Қашаған мұнайын Қарабатанға айдайды. Оның үстіне, олардың қолында онда 4 млн. тонна күкіртті жинақтауға берілген ресми рұқсаттары бар. Бәрінен бұрын осылай болатын болар. 2012 жылдың желтоқсанында қызыл лентаны шулатып кеседі, президент болса, тиекті бұрайды, ал, артынан жобаны жөндеуге қояды,-дейді менің тағы бір әңгімелесушім.
Алайда, экологтарды мазалаған сұрақтар аз емес: оның ішінде жоғары күкіртті мұнайды құрылыққа қандай құбырмен айдамақшы? Олар егер әдеттегі мұнай ұңғыларының пайдалану мерзімі 20-25 жылды құраса, онда Солтүстік Каспийдегі кен орындарында ол бір есеге қысқаратын болады. Жоғары концентрациялы күкірсутек металлды «жейтін» қасиетке ие. Және қызмет көрсету мерзімі 6 жылға дейін қысқарады. Содан кейін құбырлар теңізде мұнай жіберуді бастайды. Оларда Қашағанда шикі мұнайды айдау жобасы бойынша, сол кен орынында тосын жер қойнауының қысымы бар деген күдіктері бар.
М.Диаров қашағандық жобаның бұдан бұрын болғандай, тағы да өзгерістерге ұшырағанын жоққа шығармайды. Оның пікірінше, жобаны игеруге және мүмкін болар барлық қауіптерге консорциумның еуропалық қатысушылары Теңіздегі американдықтарға қарағанда талапшылдықпен қарайды екен. Ол кенішті өнеркәсіптік игеру мерзімдерін кейінге қалдыруды ұсынған шетелдіктермен ниеттес көрінеді.
- Жоба бойынша Қашағаннан жылына 63 миллион тонна мұнай өндіру жоспарланған. Бұған жол беруге болмайды. Мұнай өндіру шегі – 21 миллион тонна. Апатқа жол бермес үшін бүкіл газ қойнауқатқа айдалуы тиіс. Алайда үкімет біздің дәйектерімізге құлақ аспайды. Олар үшін бір сәттік пайда ғана маңыздырақ. Бұл жерде тек азаматтық қоғамның белсенді ұстанымы мен дүниежүзілік қоғамдастықтың әрекетіне ғана сенуге тура келеді. Доссорда болғандағыдай, адамдарымыз оянып, экологиялық апат орын алмайды деп үміттенемін.
Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА