Атырау, 26 қараша 10:53
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

«Біреулер маған өздерін танымасам да «мен сіздің оқушыңызбын» дейді.

3 929 просмотра

«АЖ» газетінде  «Академик Диаров: : “Атырау шетелдіктер үшін вахта болса, біз үшін үй” деген мақала жарияланғаннан кейін «АЖ» сайтындағы біздің оқырмандарымыздың коментарийлерімен танысқан Мұфтах Диаров солардың кейбіріне жауап бермекші болды.

- Туберкулездің - әлеуметтік сырқат екендігі, егер тіпті, барынша қатаң анықтама берер болсақ-ол кедейлер сырқаты деп  жалпылама танылды. Аурудың етек алуы тікелей әлеуметтік-экономикалық жағдаймен байланысты. Сондықтан да туберкулезді экологияның салдарынан деп жаңсақ топшылау дұрыс емес.

Диаров: Туберкулездің әлеуметтік сырқат екендігі сөзсіз. Дегенмен де экологиялық фактордың алатын орыны бар. Өйткені, туберкулезбен ауратын адамдарды емдеу жыл сайын қиындап барады. Сондықтан да, менің пікірімше, адам ағзасына түсетін токсиндер Кох таяқшасына да әсер етеді.

- Әрбір жұма сайын мұнай өзендері мен құрал-жабдықтарды жөндеу жұмыстарынан кейін өртейтін Прорвадағы және  шіріген жұмытқаның иісі ешқашан кетпейтін біздің кен орындарымызға бару қиын болғаны ма?

- Академик өзіне әлдебір таңдауды теліп алған: тек экспаттарды ғана төмпештейді, ал, біздің кәсіпорындар туралы, мәселен, мазут шалшығы мен иісі бар вагон депосы, булану алаңы мен күн сайын түтіндеп жататын қоқыс алаңы туралы ештеңе жазбайды.

Диаров: Мені өзінікіне тиіспей, тек шетелдіктерге ғана өшігіп алды деп сынайды. Алайда, біздің мұнайшыларымыз тұзды қабаттың бетіндегі кеніштерді игеруде, онда зиянды деген заттар барынша аз, оларда күкіртсутегі және басқа да ілеспе компоненттер жоқ. Теңізге қарағанда өндіру көлемі де аз.

Прорваға, қоқыс алаңы немесе Сасық сайға келетін болсақ, осы мәселелермен айналысатын және олар туралы үнемі жазып тұратын өз экологтары бар, сондықтан да олардың ісін қайталау мен үшін маңызды емес. Тек айтарым Прорвада қандай жағдайда да мұнай қалдықтарын жағуға болмайды. Бұл қылмыс. Жергілікті халық неге наразылық танытпайды?   

- Құрметті Мұфтах Диарұлы, мен сізді қызметіңіз үшін аса құрметтеймін. Сіздің ісіңізді жалғастыратын оқушыларыңыз бар ма?

Диаров: Иә, менің оқушыларым бар. Алайда,экологтың ең көп дегендегі бір айлық жалақысы 50 мың теңге. Мұндай ақшаға кім жұмыс жасайды? Істі барынша білетін адамдар жалақыны көп төлейтін мұнай компанияларына кетеді.

Еліміздің көптеген жоғары оқу орындарында менің жазған еңбектерімді қолданады. Оларды Әзірбайжанда жақсы біледі. Сондықтан да кездесу кезінде маған көпшілігі «мен сіздің оқушыңызбын» деп жатады. Ал мен олардың көбін білмей де қалам. Атырауда менімен бірге менің екі серіктес-оқушым жұмыс жасайды. Олар биология ғылымдарының кандидаты-Тілепқазы Ерғалиев, техникалық ғылымдар докторы Есенғали Ғилазов. Ғалымдар өздеріне лайықты жағдайларда жұмыс жасауға тиісті, алайда, өкінішке қарай, біздің елімізде ғылым билік назарынан тыс қалған.

27 сәуір 2011, 19:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.