Атырау, 5 қазан 13:52
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Зымырандар зәремізді ұшырып болды

3 918 просмотра

Құрманғазы ауданына кезекті ресейлік зымыран құлады.

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің ТЖ әрекет ету жөніндегі басқарманың бастығы Сәлімғали САЛЫҚБАЕВТЫҢбізге хабарлағанындай, 20-шы сәуірге қараған түні шекара бөлімшесінен Астрахан облысымен шекарадағы «Алибаев Салахеден» қыстағы ауданы мен  №137 және №138 шекаралық белгілер арасында зымыранға ұқсас ұшу аппараты құлаған. Ақ түсті ұшу аппараты сүйірлі, конус пішінді, ұзындығы 7 метр, әрқайсысында бес тармақты жұздыздың суреті бар үш қанатты болып шықты. Ортасында 00202 цифры жазылған. Аппарат құлау барысында ешқандай бүлінбеген. Жапа шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Шекарашылар оқиға орын алған жерді қоршап тастады.  

Кейін Астрахан облысының Ашулук полигонында сәрсенбі күні Ресей қарулы күштерінің Әуе қорғаныс әскерінің жаппай авиациялық-зымыранды соққыға тойтарыс беру бойынша оқу-жаттығу өткізгендігі белгілі болды. Оқу-жаттығу кезінде Атырау облысының аумағына тактикалық қанатты зымыранға ұқсас ұшқыштары жоқ «Рейс» нысанасы құлады.

«Зымыран ұшу бағдарламасын орындаған жоқ, маршруттан ауытқып кетіп, Қазақстанмен шекара ауданға қонды»,-деді ақпараттық агентіктерге берген мәліметінде РФ Әскери-әуе күштерін қолдану 185-ші орталығының  бастығы, генерал-майор Владимир Градусов.

Бұл орын алып отырған бірінші жағдай емес. 2010 жылы 19 қарашада Құрманғазы ауданына Волгоград облысы Ахтуба қаласында орналасқан әскери бөлімшеден «ауа-жер» типті «В-П» зымыранының бөлшектері құлағаны естеріңізде болар.     

Лев ГУЗИКОВ

28 сәуір 2011, 13:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.