Атырау, 6 қазан 11:59
 ашықВ Атырау +24
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Оралды су басып жатыр, Атырау қаңсып жатыр

4 478 просмотра

Орал қаласында су тасып, апат орын алды. Ал Атырау облысында соңғы жылдары су тасыса қуанатын болды. Бірер күннен соң ауыл шаруашылығының жерлері мен жайылымдарды суаратын арналар толмастан, көтерілген су қайтып, арнасына түспек.

Мобилизациялық дайындық, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алу мен жоюды ұйымдастыру басқармасы бастығының орынбасары Ерболат БЕКТЕМІРОВТІҢ айтуынша, 25-сәуірде Жайық-Махамбет гидроқосынында су деңгейі 614 см деп (өткен жылы осы күні – 589 см болған), Жайық-Атырау гидроқосынында 419 см (өткен жылы 360 см) деп тіркелген.

Е.Бектеміровтің айтуынша, таяудағы бірер күнде тасыған су кейін қайтпақ:

- Біздегі мәліметтер бойынша, Жайық-Орал гидроқосынында су деңгейі 6 см-ге, Көшім маңында 11 см-ге төмендеген. Сондықтан бүгінде ауыл шаруашылық жерлерін суару үшін ашылған шлюздердің деңгейіне жетпестен, кешікпей су қайтатын болады.

Әсіресе биылғы жылы Мұғалжар тауынан еріген қар сулары болмағандықтан, Қызылқоға ауданының малшыларына ауыр соқпақ.

Қызылқоға аудынаның әкімі Берікқали СӘРСЕНҒАЛИЕВТІҢ айтуынша, қажетті 68 млн. текшенің орнына биыл Ақтөбе облысының Ойыл өзенінен бар болғаны 20 млн. текше су құйылған. Бұл су басқа табиғи көздері жоқ және өсімдік әлемі аз мал өсіретін аудан үшін қажетті ылғалдың үштен бір бөлігінен аз. Б.Сәрсенғалиев су қорына бір уақытта 150 млн. текшеге дейін су сыятындығын, алайда соңғы жылдары аз деңгейде ғана толығып отырғанын растады.

Тасыған суды суармалы алаңдарға жіберіп үлгерген Жылыой ауданындағы жағдай басқаша. Еділ өзенінен құйылатын Қиғаш өзенінің су деңгейінің азғана көтерілгені байқалады.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген автор

27 сәуір 2011, 19:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.