Атырау, 23 желтоқсан 09:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Қоғам

Зиратқа «кездейсоқ» барған ба? Қоғам

Зиратқа «кездейсоқ» барған ба?

«АЖ»-ға қаладағы христиандар зиратының жағдайын айтып, іші қоқысқа толы, металл қоршаулар жоқ болып кетеді деп шағымданатын оқырмандар үнемі қоңырау шалып тұрады. Ал егде жастағы қала тұрғыны Иван Георгиевич, мәселен: «Мен жақын туысымды жерлеу және басқа жоралғылардан бөлек «Тіркеу және жерлеуге рұқсат» үшін 10 мың теңге төледім. Бұл қандай «рұқсат» өзі? Неліктен түбіртек фискалды чексіз берілген?» деп сұрайды. 27 сәуір 2017, 00:00 5 739 рет қаралды
Құмарлық тыйымнан да күштірек Қоғам

Құмарлық тыйымнан да күштірек

Атырауға желтоқсанда қабылданған көктемгі аңшылыққа тыйым салу туралы бұйрықты түсіндіру үшін Астанадан келген қонақтарды наразылықтар күтіп тұрды. Аң аулауға құмар атыраулықтар Атырау орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының кабинетінде министрліктің бұйрығын сынға ала отырып, қымсынбай ашық сөйледі. Сурет 26 сәуір 2017, 16:14 3 823 рет қаралды
​Алма Қалусариева: Өзім сұранғаным жоқ, бірақ жұмыс істейтін боламын Қоғам

​Алма Қалусариева: Өзім сұранғаным жоқ, бірақ жұмыс істейтін боламын

ҚР Журналистер одағы басшылығының осы жылғы 24 сәуірдегі өкімімен «Мұнайлы астана» газетінің жауапты хатшысы Алма ҚАЛУСАРИЕВА Атырау облысы бойынша Журналистер одағының өкілі болып тағайындалды. Біз одан мұның қалай болғанын және жаңа лауазымда оның қандай жұмыстар атқаратын ойы бар екенін айтып беруді өтіндік. 24 сәуір 2017, 18:05 3 558 рет қаралды
«Ол жиырма жылдан астам уақыт АИТВ-мен ауырады. Бірақ әлі тірі» Қоғам

«Ол жиырма жылдан астам уақыт АИТВ-мен ауырады. Бірақ әлі тірі»

Ресми мәліметтерге сәйкес, Атырау облысында 239 адам АИТВ жұқтырған, олардың ішінде 177-і қазақстандық, 62-сі шет ел азаматтары. Олардың басым бөлігі жұмыс жасайтын әрі 20-29 жас аралығындағы адамдар. Бұл туралы ЖИТС қарсы күрес және алдын алу жөніндегі облыстық орталықтың алдын алу бөлімінің меңгерушісі Ақбибі ЕЛУБАЕВА осы тақырыпқа арналған семинарда айтып өтті.  10 сәуір 2017, 16:50 4 595 рет қаралды
Қаламұшпен жазылған... Қоғам

Қаламұшпен жазылған...

3 сәуірде Атырау облыстық көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде жергілікті суретші Қалыбек ЖҰМАШЕВТІҢ «Қолжазба әрпі және каллиграфия» көрмесінің ашылу салтанатты өтті. Бұл көрмені ол өзінің досы, талантты журналист әрі фотограф Мұрат ДИАРОВТЫҢ 60 жылдығына орай оның рухына арнады. 4 сәуір 2017, 12:09 3 463 рет қаралды
«Балалардың 90 пайызы тіс жегісіне ұшыраған» Қоғам

«Балалардың 90 пайызы тіс жегісіне ұшыраған»

Атырауда «Балаларға стоматологиялық қызмет көрсетудің жағдайы және оларды жақсарту» тақырыбында облыстық конференция өтті. Оған Алматыдан С.Асфендияров атындағы Қазақ ҰМУ балалар стоматологиясы кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Гүлжан ЕРМҰХАНОВА арнайы шақырылған болатын. Біз оған бірнеше сауал қойдық.   28 наурыз 2017, 15:24 18 574 рет қаралды
Мәскеу театры қазақша сөйледі Қоғам

Мәскеу театры қазақша сөйледі

Жақында Махамбет атындағы Атырау облыстық драма театрының труппасы Мәскеу қаласындағы театр сахналарының бірінде қазақ тілінде спектакль қойды. Бұл туралы толығырақ спектакль режиссері Жанат ТЕЛТАЕВТАН білген едік. 16 наурыз 2017, 00:00 5 478 рет қаралды
Ұшқан құс та, жүгірген аң да жоқ Қоғам

Ұшқан құс та, жүгірген аң да жоқ

Облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВТЫҢ есеп беру жиынында Қарабатан стансасының тұрғыны өздерін қалаға көшіру туралы мәселені көтерген болатын. Ол әлі күнге дейін тұрғындар көмір жағып отырғанын айтып еді. Облыс әкімі «бұл мәселе қарастырылып жатыр» деп жауап берген болатын. Ал біз Қарабатан стансасына барып қайттық.  Сурет 15 наурыз 2017, 10:28 5 477 рет қаралды
Қоқыс таситын көліктегі бір күн Қоғам

Қоқыс таситын көліктегі бір күн

Айналадығылар байқамайтын жұмыстар бар. Егер оны жасамаса немесе нашар жасаса, бұл көзге көрініп қалады. Қазір қаладан қоқыс шығарумен айналысатын «Арнаулы автобаза» ЖШС қызметкерлері туралы айтып отырмын. Олардың жұмыстарын өз көзіммен көру үшін ЖШС директоры Самат ТҰРНИЯЗОВТАН мені қоқыс шығаратын бригадалардың біріне бекітуді өтіндім. Сурет 8 наурыз 2017, 10:20 8 321 рет қаралды
«Мұз үстіндегі балықшылардың жүз пайызы жұмыссыздар» Қоғам

«Мұз үстіндегі балықшылардың жүз пайызы жұмыссыздар»

Бұрынғы замандарда өзенде жүзген балықтардың молдығынан Жайық буырқанып жататын. Қоңырқай жонды жайындар күнге қыздырынып, бекірелер су айдынында шоршып, қортпалар суды көбік қылатын. Сазанды, көксерке мен басқа да қара балықтарды Атырау тұрғындары балық деп есептемейтін, тіпті, аулағылары келмейтін. Қара уылдырық таңдаулы тағам деп есептелсе де, қазіргідей бағасы шарықтап тұрмаған еді. 7 ақпан 2017, 18:32 3 920 рет қаралды
«Әпкем жанталасып жатқанда, дәрігерлер кешкі ас ішіп отырды» Қоғам

«Әпкем жанталасып жатқанда, дәрігерлер кешкі ас ішіп отырды»

– Дәрігерлер өтірік айтады, олар өздерінің әрекетсіздігімен Гүлдана мен оның сәбиін өлтірді, - деп есептейді Индер ауданынан қалаға босануға келіп, көз жұмған марқұмның сіңлісі Жанарыс ЖЕКЕНОВА. Ол қайғылы оқиғаға қатысты дәрігерлердің жорамалымен танысыпты. Сурет Бейнежазба 19 қаңтар 2017, 00:00 6 108 рет қаралды
​Әупілдек жайын, ақ киімді әйел және Атыраудың басқа да аңыздары Қоғам

​Әупілдек жайын, ақ киімді әйел және Атыраудың басқа да аңыздары

Жаратушы Адам ата мен Хауа ананы жаратпас бұрын, жер бетіне түрлі жындар мен дүлей күштерді жіберіпті. Алғашқы адамдарды жер бетіне жіберер алдында Құдай өз періштелеріне олардан тазартуға тапсырма беріпті. Сол кезде көптеген жындар жоқ болады, ал кейбірі қашып, қалың ормандарға, қараңғы үңгірлерге, өзен-көлдердің түбіне жасырынады. Ел аузындағы аңыз бойынша, олар бүгінгі күні де оңаша жерлерге жасырынады екен. Қазақ халқында тылсым күштерге байланысты аңыздар мен наным-сенімдер жеткілікті. Мен өзім мұндайға күмәнмен қараймын, бар болғаны осы жерде, Атыраудан естігендерімді баяндаймын... 22 желтоқсан 2016, 00:00 15 199 рет қаралды
​Бала қонақтайтын және бала қабылдайтын отбасылар пайда болады Қоғам

​Бала қонақтайтын және бала қабылдайтын отбасылар пайда болады

Бүгінде Қазақстандағы балалар үйі мен интернаттарда ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған 8 мыңнан астам бала бар. Соңғы жылдары мемлекет саясаты балалар үйін толықтай жоймаса да, сол жерде тұратындардың санын барынша азайтуға бағытталған. 22 желтоқсан 2016, 00:00 8 972 рет қаралды
Жұмекен оқуларының жеңімпазы анықталды Қоғам

Жұмекен оқуларының жеңімпазы анықталды

Махамбет атындағы облыстық драма театрында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Мемлекеттік әнұранның (мәтіні) авторы, көрнекті ақын Жұмекен НӘЖІМЕДЕНОВ атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің I республикалық байқауы өтті. 15 желтоқсан 2016, 00:00 6 372 рет қаралды
​Іскер әйелдер жетім балаларды өз қамқорлығына алады Қоғам

​Іскер әйелдер жетім балаларды өз қамқорлығына алады

Атырау облысында өткен жылдың жазында басталған «Жанашыр» әлеуметтік жобасы жалғасын тапты. Облыстағы Іскер әйелдер кеңесі Сабыр Қазыбаев атындағы балалар үйінің 25 тәрбиеленушісін өз қамқорлықтарына алды. 5 желтоқсан 2016, 15:14 2 575 рет қаралды
Да Винчи көпірі және басқа да ғажайыптар Қоғам

Да Винчи көпірі және басқа да ғажайыптар

Инженерия, бағдарламалау және робот жасап шығарудың қыр-сырымен тілек білдірушілер STEM Family Night шарасында таныса алады. Танымдық отбасылық шара тек балалар үшін ғана емес, олардың ата-аналары үшін де қызықты болып шықты. 1 желтоқсан 2016, 00:00 3 747 рет қаралды
«Көре алмасам да өмір сүріп жатырмын!» Қоғам

«Көре алмасам да өмір сүріп жатырмын!»

Бір күні менің электронды поштама хат келді. Оқырман зағип және нашар көретін жандарға арналған дыбыс сигналымен жарақталған бағдаршамдары бар қозғалысы көп қиылыстың маңында тұратынын және бұған қатты наразы екенін айтты: «Бізде қаланың жартысы соқыр деп ойлауға болады, бұл дыбысты тәулік бойына тыңдауға мәжбүрміз!». Әрине, қаланың жартысы емес, бірақ ондай жандар бар. Ал бұл күндері Халықаралық зағиптар күні атап өтілуде. Сурет 14 қараша 2016, 17:15 6 075 рет қаралды
​Сарбаз болуға саулығың жарай ма? Қоғам

​Сарбаз болуға саулығың жарай ма?

Күзгі әскерге шақыру науқаны аяқталуға жақын. Атырау облысынан қарулы күштер қатарына 730 адам алынуға тиісті болды. Бүгінгі таңда жалпы алғанда Атырау облысындағы 42 700 тұрғын әскерге шақырылатын жаста (18-27 жас). Бұл цифр алдамауы керек: белгілі бір немесе басқа да себептермен әскерге шақыртудан босатылған немесе кейінге қалған 35 мыңнан аса адам бар. Сурет 11 қараша 2016, 14:59 3 981 рет қаралды
Батыл да нәзік жанды Амандин Қоғам

Батыл да нәзік жанды Амандин

Францияның Гренобль қаласынан келген 35 жастағы Амандин ЛАМБЕРТ өзінің сенімді серігі лабрадор Джали екеуі велосипед үстіндегі саяхатын осыдан жеті ай бұрын бастаған. Нақтырақ айтсақ, 27 наурызда. Ал Атырауға 7 мың шақырым жолды артта қалдырып 24 қазан күні келіп тоқтады. Сурет 1 қараша 2016, 11:16 3 342 рет қаралды
Гурьевтіктер 41-жылы Мәскеуді қорғады Қоғам

Гурьевтіктер 41-жылы Мәскеуді қорғады

Танымал атыраулық іздеуші Талғат ИЛЬЯСОВ жетекшілік ететін «Атырау-Брест» әскери-патриоттық экспедициясына қатысушыларды Мәскеу түбіндегі ұрыстың 75 жылдығына арналған жыл сайынғы әскери-тарихи «Контрнаступление» фестиваліне қатысуға шақырды. 21 қыркүйек 2016, 10:28 2 778 рет қаралды
Бейнебаяннан дау шықты Қоғам

Бейнебаяннан дау шықты

Республикалық «Гәкку» телеарнасынан біздің қаламыздың бейресми әнұранына айналған танымал «Атырау-арман» әнінің бейнебаянының көрсетіліп жүргеніне бір айға жуықтады. Музыка авторы - композитор Болат ҚОХАМАНОВ, мәтін авторы - ақын Маржан ЕРШУ. Бейнежазба 16 қыркүйек 2016, 17:07 11 160 рет қаралды
Медиатор ерлі-зайыптыларды татуластырды Қоғам

Медиатор ерлі-зайыптыларды татуластырды

Атырау облысының Исатай аудандық соты ҚР ҚК-нің 109-бабына («Ұрып-соғу») сәйкес жеке айыптау бойынша қылмыстық істі қарады. Мас күйеуі үйіне келіп, әйелін балағаттап, шашынан сүйрей бастаған. Қорланған әйел полициядан көмек сұрайды. Бірақ кейін ерлі-зайыптылар татуласқан. 15 қыркүйек 2016, 00:00 2 717 рет қаралды