Атырау, 23 қараша 00:26
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Медиатор ерлі-зайыптыларды татуластырды

2 608 просмотра

Атырау облысының Исатай аудандық соты ҚР ҚК-нің 109-бабына («Ұрып-соғу») сәйкес жеке айыптау бойынша қылмыстық істі қарады. Мас күйеуі үйіне келіп, әйелін балағаттап, шашынан сүйрей бастаған. Қорланған әйел полициядан көмек сұрайды. Бірақ кейін ерлі-зайыптылар татуласқан.

Сот отырысы барысында әйелі татуласуына байланысты жұбайына қатысты жеке айыптаудан бас тарту туралы өтінішпен жүгінеді. Ол өз өтінішін кәсіби емес медиатормен куәландырылған медиативтік келісіммен растайды. Өз кезегінде өкініш білдірген күйеуі өз кінәсін толық мойындап, кешірім сұрап, медиация түрінде жеке айыптаушымен татуласқанын растап, іс бойынша өндірісті тоқтатуды өтінеді. Исатай аудандық сотының баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, сотталушы қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Өйткені, медиация тәртібімен тараптардың татуласуына орай, сот ісі бойынша өндіріс тоқтатылды. Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

15 қыркүйек 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.