Атырау, 23 қараша 00:39
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ұшақ Коляны қашан алып кетеді?

2 755 просмотра

Бірнеше күннен бері үш жасар Коля АГАПОВ өзін астаналық медицина орталығына емдеуге қашан жіберетінін күтуде. Ал оны алып кететін ұшақ әлі келмей жатыр.

«АЖ»-ға Коляның анасы Татьяна КОКОРЕВА хабарласты. Оның айтуынша, сәби облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр екен. Сырқаты ауыр - өкпесінде ісік пайда болған, ісігі сәт сайын өсіп жатыр деуге болады, бір өкпесі жұмыс істемей қалған. Сәбиге жоғары білікті көмек қажет. Оны Астанадағы Ана мен бала орталығының мамандары қабылдауға әзір.

Бірақ бізге санитарлық авиация ұшағы келмей жатыр. Біз бұл құтқару ұшағын 3 қазаннан бері күтудеміз. Дәрігерлеріміз ұлым үшін қатты алаңдайды, олар қолдарынан келгенін жасауда. Жексенбі күні Коляның жағдайының тұрақталғаны сондай, оны Астанаға тасымалдауға болатын еді. Бізге әлденеше рет уәде етті, бірақ әлі ұшақ жоқ. Бүгін тағы да ұлыма бардым, мені оған тек жарты сағатқа қана жібереді. Оны Астанаға қашан апара алады деп тағы сұрадым. Маған ұшақтың Петропавлға не Павлодарға донор үшін кеткенін, содан соң Коляға келетінін айтты. Жылай-жылай көзім бұлаудай болды, ол үшін қатты қорқамын, - дейді Татьяна.

Сәбиде онкологиялық процесс жүріп жатыр, өкпесі түгел зақымданған. Жағдайы ауыр. Біздің ауруханада алып жатқан бүкіл ем республикалық емхананың мақұлдауымен жргізілуде. Оны әзірге Астанаға жіберуді тоқтата тұру шешімі де олармен бірге қабылданды. Сәбидің жағдайы ауыр болғандықтан оны тасымалдауға әзір емес еді, - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аманбек ЖҰМЫРОВ.

Біз Республикалық санитарлық авиация орталығының диспетчерлік қызметіне қоңырау шалдық. Сөйтсек, бұл қызметтегілер Коля Агаповтың жағдайы туралы білмейді екен – оны тасымалдау өтінімі диспетчердің қолында болып шықты. Оның айтуынша, бұрын жағдайы ауыр болғандықтан сәбиді арнайы жабдықталған ұшақпен алып кету мүмкін болмаған. Қазіргі уақытта борт бос емес, бірақ ол босағаннан кейін оны Атырауға Коляға жіберуді жоспарлап отыр. Телефон арқылы біздің диспетчермен сөйлескен бүкіл әңгімеміз санавиация қызметінде жазылып қалды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

12 қазан 2016, 15:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.