Атырау, 23 қараша 01:04
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Чусокты қалай тойладық?

Сурет
2 601 просмотра

Өткен сенбіде Достық үйінде корей халқының басты мерекелерінің бірі – Чусок мейрамы атап өтілді. Дәстүр бойынша «Тхоньил» этномәдени бірлестігі (ЭМБ) оған Атырау тұрғындары мен меймандарын шақырды.

Чусок - өнім мерекесі. Бұл күні отбасымен жиналып, алдымен ата-бабаларын еске алып, науқанның ойдағыдай аяқталғаны үшін алғыс білдіру қалыптасқан. Жайылған мол дастарханнан бөлек «Тхоньил» бірлестігі барабаншы-самульнористер ансамблінің, «Саранг» хорының, «Со куан» хорегорафиялық ансамбілінің, «Уай ти ти», «Кейпоп» және «Хэл кэтс» жастар k-pop-ұжымдарының қатысуымен концерт дайындапты. Оларды грузиндердің «Иверия», орыстың «Былины», татар-башқұрттың «Татулық» этномәдени бірлестіктерінің көркемөнер әртістері қызу қолдады.

Концерттен кейін меймандарды тағы да ойын-сауықтар күтіп тұрды. Ниет білдірушілер самульнори барабандарын соғып, ханбок киімін киіп көрді, ұлттық тағамдардың дәмін татып, корей каллиграфиясының негізін үйрене алды. Қатысушылар зыр жүгірген тауықты немесе әтешті ұстап алуға тиіс көне ойын үлкен әсер қалдырды.

- Чусок мерекесіне бүкіл отбасымызбен екінші жыл қатарынан қатысып отырмыз, - дейді мереке қонағы Алина ГУЛИЕВА. - Өткен жылы бұл жерге кездейсоқ келіп қалдық, ал енді арнайы келіп отырмыз. Басқа халықтың дәстүрлерімен таныс болған қандай жақсы!

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

21 қыркүйек 2016, 11:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.