Атырау, 23 қараша 01:09
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Гурьевтіктер 41-жылы Мәскеуді қорғады

2 645 просмотра

Image 0Талғат Ильясов. Сурет "АЖ" мұрағатынан.Танымал атыраулық іздеуші Талғат ИЛЬЯСОВ жетекшілік ететін «Атырау-Брест» әскери-патриоттық экспедициясына қатысушыларды Мәскеу түбіндегі ұрыстың 75 жылдығына арналған жыл сайынғы әскери-тарихи «Контрнаступление» фестиваліне қатысуға шақырды.

41-ші жылдың қарашасында Мәскеу түбінде генерал-майор И.В.Панфиловтың қолбасшылығымен 316-шы атқыштар дивизиясы шайқасқан болатын. Бұл ұрыста И.В.Карпов қолбасшылық еткен атқыштар полкі және аға лейтенант Б.Момышұлының қолбасшылық еткен батальон сарбаздары табандылық пен ерлік көрсетті.

2016 жылдың желтоқсанында Мәскеу облысының Лызлово деревнясында естелік шаралар, соның ішінде ауқымды әскери-тарихи қалпына келтіру шаралары өтеді. Мәскеу маңында мыңдаған қазақстандықтардың шайқасқаны белгілі. Олардың 40 шақтысы Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Осыған байланысты «Гарнизон-А» әскери-тарихи қалпына келтіру орталығы қазақстандық делегацияны жыл сайын өтетін әскери-тарихи «Контрнаступление» фестиваліне қатысуға шақырды. Біздің жастар Мәскеуге баруға қуана-қуана әзір отыр. Бірақ бұл үшін оларға киім-кешектер керек – сол жылдардағы кеңес әскерлерінің қысқы формасы, сонымен қатар ұйымдастыру мәселелерін шешуде көмек (жолақы, орналасу және т.б.) қажет.

- Біз мұндай шараларға ерте қатысқан бірден-бір қазақстандық делегациямыз. Оның үстіне, алматылық авторлар Тимур ПОЧАНОВ пен Динара АЛДАБЕРГЕНОВА бізге ән арнады. Сондықтан, бізді бүгінде барлық жерге шақырады, бізге үлкен құрметпен қарайды. Қырымға патриоттық фестивальге, Испанияға шақырды. Бірақ егер облыстық әкімдік бізге қолдау көрсетсе, онда «Мәскеу үшін шайқасқа» қатысар едік. Оның үстіне, биыл қарашада панфиловшылар туралы жаңа фильм жарық көреді, - дейді Т.Ильясов.

Тәжірибелі іздеуші Мәскеуді қорғаушылар арасында біршама гурьевтіктердің болғанын айқын біледі. Әрине, біздің жастар ұзақ болмаса да, өздерін нағыз сарбаздардай сезініп, сол тарихи дәуір кезеңіне аяқ басқылары келеді. Олар бұл үшін демеушілер табылатындығына қатты үміттеніп отыр.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

21 қыркүйек 2016, 10:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.