Атырау, 23 қараша 00:38
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​Ақсақалдар бата беруден жарысты

Сурет
9 738 просмотра

Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында ақсақалдар арасында «Батаменен ел көгерер» атты І қалалық байқау өтті.

Байқау ашық болғандықтан оған Атырау қаласынан және аудандардан келген 18 ақсақал қатысты. Шарты бойынша, алдымен қатысушылар тарихта есімдері сақталған тұлғалардың баталарын, айта кетейік, Досбол шешеннің, Малайсарының, Бауыржан Момышұлының, Қаракерей Соқыр Абыздың, Төле бидің, т.б. берген баталарын нақышына келтіре оқыды.

Екінші бөлімде ұлттық салт-дәстүрлерге қатысты баталар берілді: бесікке салу, тұсау кесу, қыз ұзату, жас жұбайларға бата, жаңа қонысқа берілетін баталар, т.б.



Үшінші тапсырма бойынша, ақсақалдар билет суырып, берілген тақырыпқа қатысты өзі білетін немесе сол бойда өз ойынан шығарған батаны оқуы керек болды.  


Ақмырза БАТЫРҚАЙЫРОВ.

Қазылар алқасының шешімі бойынша, жүлделі ІІІ орынды Атырау қаласының тұрғыны Малдыбай НИҒМЕТОВ ақсақал мен Ақсай ауылынан келген Саясат РАХМЕТОВ алды. ІІ орын Дамбы ауылының ақсақалы Тілекқабыл МҰРАТОЛЛАҒА бұйырды. Жүлделі І орынды Исатай ауданынан келген Уахит АДИЛОВ жеңіп алса, бас жүлде даусының мақамымен, сахнада өзін-өзі ұстауымен ерекшеленген, айтар сөзін нығарлап жеткізген, еш қобалжымаған Атырау қаласының ақсақалы Ақмырза БАТЫРҚАЙЫРОВ жеңіп алды.

Байқауды тамашалауға келген көрермен де 18 ақсақалдың аузынан шыққан жақсы тілектерді бойларына сіңіріп, жақсы энергияны қабылдағаны анық.



Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

Суретті түсірген автор

19 сәуір 2017, 15:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.