Атырау, 23 қараша 00:39
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Да Винчи көпірі және басқа да ғажайыптар

3 521 просмотра

Инженерия, бағдарламалау және робот жасап шығарудың қыр-сырымен тілек білдірушілер STEM Family Night шарасында таныса алады. Танымдық отбасылық шара тек балалар үшін ғана емес, олардың ата-аналары үшін де қызықты болып шықты.

Атырауда Атырау облыстық әкімдігі мен Халықаралық жастар қорының серіктестігімен «Шеврон» корпорациясы қаржыландырып отырған «Атырау қаласының жастарды дамыту бағдарламасы» пилотты режимде жүзеге асырылуда.

Бағыттардың бірі –жастарды жаратылыстану ғылымдарына, жаңа технологияларға, инженерия мен математикаға даярлауға бағытталған STEM-білім беру (STEM – Science, Technology, Engineering and Math) деп аталатын «Заңғар» жобасы. Bolashak Engineering компаниясы осы жобаның аясында 800 атыраулық баланы оқытуды жоспарлап отыр. Тегін оқытатын курстар жалпыға білім беретін мектептерде ұйымдастырылады. Оған барлық ниет білдірушілер жазыла алады. Ал сенбіде өткен STEM Family Night шарасы ата-аналарға осынау білім беру жобасында қандай мүмкіндіктер берілгенін көрсете алады.

Үш сағатқа есептелген шара бағдарламасы өте қызықты болып шықты. Бағдарламалау оқытушысы Бақдәулет ҚАРАҚҰЛОВ арнайы Scratch қосымшасы арқылы компьютерлік ойындар жасауға болатынын көрсетті. Жаттықтырушының әр қадам сайын әрекеттерін қайталаған оқушылар ата-аналарымен бірге бағдарламалаудың қыр-сырымен таныса алды. Ал инженерия тұрғысында балалар ата-аналарымен бірге оқытушы Раушан ҒҰСМАНОВАНЫҢ көмегімен қарапайым ағаш таяқшалардан керемет құрылыс – да Винчи аспалы көпірін жасап шықты.

3D-модельдеумен танысу да қызықты болды. Жаттықтырушы Рашид САТХАНОВТЫҢ шағын таныстырылымынан кейін балалар өздерінің үшөлшемді модельдерін жасай алды. Ал «бағдарламаның түйіні» - оқытушы Руслан НҰРЫМБЕТОВТІҢ жетекшілігімен өткен роботтехника секциясының жұмысы болды. Балалар ата-аналарымен бірге алдымен процеске – ненің неге қалай жалғанатынына, кодтың қалай жазылатынына бақылау жасады, содан соң өздері Arduino (UNO) роботын құрастыруға қатысты. Әрине, бұл әзірге қарапайым нұсқасы, бірақ бәрі алда еді – арнайы датчикке қолдарын жақындатқанда жарық диод реңін өзгерткен кезде балалардың көздерін, ата-аналардың қызығушылықтарын көрсеңіз.

Алты баланың анасы Динара НАУКЕНОВА Family Night-қа екі қызымен келіпті:

– Олар STEM-білім беру сабақтарына қатысып тұрады. Оларға бұл өте ұнайды. Өзіме де осы жерде балалық шағым есіме түсті, бәрі де сондай қызықты, танымды болды. Балалардың осындай білімді тегін алуға мүмкіндіктері болғаны өте жақсы.

Халықаралық жастар қорының бағдарламалық менеджері Толқын ОМАРОВАНЫҢ айтуынша, мұндай шаралар алдағы уақытта да өткізіліп тұрады. Олар туралы, сонымен бірге, өз балаңызды STEM-оқытуға қалай жаздыруға болатынын +7 702 204 94 87, +7 707 970 30 73 телефондары арқылы білуге болады.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген Марат ТАКУЛИН

1 желтоқсан 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.