ҚР Журналистер одағы басшылығының осы жылғы 24 сәуірдегі өкімімен «Мұнайлы астана» газетінің жауапты хатшысы Алма ҚАЛУСАРИЕВА Атырау облысы бойынша Журналистер одағының өкілі болып тағайындалды. Біз одан мұның қалай болғанын және жаңа лауазымда оның қандай жұмыстар атқаратын ойы бар екенін айтып беруді өтіндік.
Өкімде көрсетілгендей, бұл қоғамдық бастау негізіндегі өкіл лауазымы. Ол тек «заңға қайшы ахуалға байланысты» Атырау облысы бойынша енгізілген. Баспасөз беттерінен белгілі болғандай, ақпан айында өңірімізде сол күні және сол сағатта, бірақ басқа мекенжайда журналистердің екі жиналысы қатар өтіп, онда филиалдың екі төрағасы сайланды.
Одақ басшылығы осы жиналыстар бойынша бүкіл құжаттарды қарап шығып, жалпы қабылданған заңдар мен Жарғы бойынша көптеген заң бұзушылықтарды анықтады. Мәселен, бір жиналыста бүгін біздің өңіріміздегі Одақ мүшелері 120, оның 80-і қатысып отыр деп мәлімдейді. Алайда нақты есептеу жүргізілмеген және залда отырғандардың дауыс беру құқығының бар-жоғы тексерілмеген. Кейінірек Одақ ұсынған хаттамадан белгілі болғандай, Одақ мүшелерінің жалпы саны 175 деп көрсетілген. Алайда желтоқсанда Атырауда республикалық БАҚ редакторларының қатысуымен өткен шарада филиалдың бұрынғы басшысы 220 деген цифрды атап, бұл жергілікті баспасөз арқылы тарап кетті. Бұл өрескел заң бұзушылықтың бір мысалы ғана. Алматыдағы заңгерлер, әрине, бұған жол бермеді.
Сол кезде Одақ басшылығы осы жерден келісім комиссиясын құру туралы жазбаша өкім жолдады. Комиссия Одақ мүшелерінің тізімін нақтылап, жаңадан жалпы жиналыс өткізуге тиіс болатын. Алайда тараптардың бірі әлі күнге дейін басшылықтың бұл нұсқауын елемей отыр. Сондықтан да басшылық біздің облысымыздан өз өкілін тағайындауға мәжбүр болды деп ойлаймын. Мұның қоғамдық бастау негізінде және өңірде Одақтың жұмысы «тұрақты және үздіксіз» жүргізілуі үшін екенін атап өткім келеді. Осы өкім арқылы маған біздің Одаққа мүшелікке кіргісі келетін жандардың құжаттарын қабылдап, ресімдеу жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар кәсіби мерекелер мен басқа шараларды дайындау және өткізу міндеті жүктелді.
Сондықтан қазір 26 маусымдағы кәсіби мерекемізге орай, тәжірибелі бапкерлер мен мамандар БАҚ қызметкерлерінің арасында бильярд, үстел теннисі бойынша жеке біріншілік, басқа турнирлер мен сайыстар өткізуге көмектеседі деп айта аламын.
Әрине, түрлі номинациялар бойынша шығармашылық байқаулар өткіземіз. Бүкіл жеңімпаздардың есімін салтанатты жиналыста жариялаймыз, осыған орай фуршет те ұйымдастырамыз.
Бүкіл ойға алған шараларды бір өзіме атқарудың қиынға соғатынын түсінемін. Сондықтан бүкіл әріптестерімнен, әсіресе, журналистика ардагерлерінен тәжірибелерімен және кеңестерімен бөлісуді өтінемін. Мына мекенжай бойынша жолыға аласыздар: Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, 48, «Премьер-Атырау» бизнес орталығының ғимараты, 4-қабат, 404-кабинет, жұмыс телефоны: 32-40-63.
Жеке ақпарат